Жерді жалға алу конкурстық негізде жүргізіледі

Бұл туралы бүгін ОКҚ-да Жер Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз конференциясында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Көрсетілетін тәртіппен ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері әкімдікпен бекітілген конкурсқа қойылатын жерлер тізбесіне сәйкес беріледі. Тізбені ауданның жер қатынастары жөніндегі бөлімдері қалыптастырып, міндетті түрде қоғамдық кеңестермен және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен келісіліп, ауданның атқарушы органы бекітеді. Конкурстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияның құрамына комиссия мүшелерінің кемінде 50%-ын құрайтын қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдерін қосу көзделген» – дейді Еркебұлан Дауылбаев.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Оның айтуына қарағанда бұл нормалар жер бөлу барысында жергілікті тұрғындардың қоғамдық пікірін ескеру үшін енгізіледі.

«Сонымен бірге, конкурстың жариялылығы мен оған барлық қатысушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында енді жаңа тәртіп бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады. Сонымен қатар, аталған хабарландыру өздерінің ресми сайттары мен ақпараттық стендтеріне орналастыру үшін аудан әкімдіктеріне жіберіледі» – деді АШМ өкілі.

Ал Конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныс беруі конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болмақ. Олардан төмендегідей ұсыныс талап етіледі.

– ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің бизнес-жоспарын;

– шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасау мен игеру жөніндегі міндеттемелерді;

– жергілікті халық үшін жұмыс орындарын ашу бойынша міндеттемелерді;

– өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтиды.

Аталған талаптар берілетін жерлердің тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қойылады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы