Елімізде сары май қымбаттады

Сары май 16% қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: pixy.org

Қазақстанда сары май қымбаттады. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда сүт өнімінің құны бір жыл ішінде 16 процентке өскен. Осылайша мамыр айында оның келісі екі жарым мың теңгеге бағаланды. Жылдың алғашқы тоқсанында отандық кәсіпорындар 6 мың тонна сары май өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 процентке көп. Десе де, шет елден әкелінетін сары майдың көлемі бірден екі есе артып, ішкі нарықтың 27,3 проценті импорттың үлесінде қалды. Ал сары майды экспорттау көрсеткіші 36 процентке кеміген. Айта кету керек, Қазақстанда шығарылатын сары майдың төрттен үші Алматы қаласы мен Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында өндіріледі.

Бүгін «Нарықтағы баға» айдарында осы сары майдың құнына шолу жасаймыз. Өңірлердегі тілшілер жіберген ақпарат бойынша май Алматы қаласында қымбат екенін байқадық. Қазақстан бойынша сары май ең арзан өңір Талдықорған. Мұнда келісі 850 теңгеден басталады. Ал Ал ақтауда бірден мың теңгеден асып кетеді. Қостанай халқы сүт өнімінің келісіне 1200 төлейді. Қызылорда мен Семейде де баға осындай. Ал елордада бірден мың теңге айырмашылық байқалады. Мұнда сары майдың келісі екі жарым мыңның шамасында. Ал нанға майды жағып жеужі жақсы көретін алматылықтар келісі үшін 3500 төлеуге мәжбүр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы