Павлодарда май шығаратын зауыт сатылмай жатыр

Банкротқа ұшыраған кәсіпорынның қарызы 1,2 млрд теңгеден асып жығылады.

Иллюстративное фото: из открытых источников

2012 жылы Павлодар облысына қарасты Тереңкөл ауданында іске қосылған күнбағыс өңдеу зауытының жабылғанына 4 жылдың жүзі болды. Бұл туралы Kursiv.kz хабарлады.

Рафинадталған өсімдік майын шығаруды көздеген кәсіпорын басшылығы берешекке белшесінен батып, өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды. Енді, тұралап қалған зауыт аукцион арқылы сатылмақ.

«Рахметтің» рахаты болмады  

Осыдан 8 жыл бұрын, яғни 2012 жылы ашылған зауыттың «ғұмыры» ұзақ болмады. Әуелде жылына 20 мың тонна күнбағыс өңдеуді көздеген «Green house Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоспары ауқымды болған. Тіпті, облыс нарығының 30 пайызын жергілікті өніммен қамтуды көздеді. Бұл мақсатта италиялық қондырғыларды сатып алып, шағын цехқа орнатты.

Алғашқы өнімді шығару үшін кәсіпорын басшылығы үш жыл бойы дайындалды. Сөйтіп, 2015 жылдың жаз кезінде облыс орталығындағы бірқатар сауда орнындарының сөрелерінде «Рахмет» деген атаумен шығарылған рафинадталған өсімдік майы пайда болды. Бірақ сол жылдың соңына қарай, бұл өнім тұтынушылар көзінен бұлбұл ұшып, дүкен сөрелерінен ғайып болды. 

Сол тұста Тереңкөл ауданының басшылығына келген Жанат Шұғаев кәсіпорынның жабылуына бірден-бір себеп – шикізаттың жоқтығы болғанын алға тартты.

Яғни, «Green house Павлодар» күнбағысты өсірмей, шикәзатты өзге шаруалардан сатып алып отырған көрінеді. Өйткені тұқым алатын қаржысы болмаған. Кейін дайын шикізатты алуға да қауқарсыз болып қалған. 

Инвестор табылмады 

Сол уақыттан бері, кәсіпорын басшылығы тығырықтан шығарар инвесторларды іздеді. Павлодар өңіріндегі ірі шаруашылықтардың бірі – «Галицкое» шаруа қожалығы зауытты сатып алып, рафинадталған май өндірісін жандандыруды ойластырады. Десе де, қарыздың көп болуы мен аталмыш істің соншалықты табысты емес екенін ескерген шаруашылық басшысы Александр Касицын, кейін бұл ойынан бас тартады. 

Тұралап қалған кәсіпорынға қаржы құяр инвестор табылмағандықтан, зауытты банкрот деп жариялау бойынша жұмыстар басталды. Осы жылғы 28-қаңтарда электронды сауда да ұйымдастырылды. Бастапқы баға – 312 млн 227 мың теңге.

Бірақ бірнеше жыл бойы бірде-бір литр өнім дайындалмаған зауытты сатып алуға ниеттілер табылған жоқ. Енді 13-ақпанда кәсіпорын екінші рет саудаға шығарылмақ. 

Қарызға батырған несие

Кәсіпорынның конкурстық басқарушысы Қайрат Кәрімовтың айтуынша, келесі конкурстар қатысуға ниет білдіргендердің  болмауы салдарынан өтпесе, зауытты бастапқы бағадан 15, 50 пайызға дейін төмен бағаға сатуға тура келеді. 

«Менің міндетім – банкрот болған өндіріс орнын сатып, қарыздан құтылу. Қазіргі таңда аталмыш серіктестіктің қарызы 1,2 млрд теңгені құрап отыр», – дейді Қайрат Кәрімов. 

Берешектің 95 пайызы – зауытты кепілдікке қойып, екінші деңгейлі банктерінің бірінен алынған несие. Қалған 5 пайызы – 30-дан астам жұмысшыға уақытылы төленбеген еңбекақы. Сатылымнан ақша түссе, ол, бірінші кезекте, тұрғындардың айлығын беруге жұмсалады. Содан соң, мүмкіндігінше, банктердің қарызы қайтарылады. 

Айта кетсек, бүгінде Павлодар облысында өсімдік майын шығаратын 10 кәсіпорын бар. Былтыр олар барлығы 2700 тонна өнім дайындайды. Бұл аймақ тұтынушылары сұранысының  27,5 пайызын ғана құрайды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы