Еуропалық компаниялар Қазақстанда майлы дақылдар өндіруші – серіктестерді іздеуде

Еуропалық компаниялар белгілі бір ауыл шаруашылығы майлы дақылдарын өсіру және өңдеу бойынша қазақстандық аграрийлермен әріптестікке мүдделі. Атап айтқанда, Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig/Germany германия компаниясы «Қазақстанда арышты ауыл шаруашылығындағы әртараптандырылған өнім ретінде өсіру және қайта өңдеу» жобасы аясында біздің ірі және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерімізбен және инвесторлармен ынтымақтастыққа дайын, деп хабарлайды Agroinfo.kz сайты.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Дәл осындай нақты мақсатпен неміс компаниясының өкілдері Астанада өтетін Қазақстанның «KazOil 2018» халықаралық май-тоңмай конференциясына қатысуға ниетті.

Германдық мамандардың айтуынша, нарықтық қатынастар жағдайында өзіндік құны төмен және тиімді бағамен гектардан жоғары қайтарым беретін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру өте маңызды. Бұл ретте олар жоғары рентабельділікті қамтамасыз етуі тиіс, ал экономикалық дағдарыс жағдайында – әлемдік нарықта неғұрлым жоғары баға бойынша экспорттық өнім ретінде сұранысқа ие болуы тиіс.   Германиялық кәсіпкерлердің пікірі бойынша мұндай  дақылға арыш жатады.  Шикізат ретінде шет елдерде арыш майына сұраныс зор. «Қазақстандық серіктестер тарапынан қызығушылық танытқан жағдайда біз май мен шроттың 100% – ын өткізуге кепілдік береміз», – дейді Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig/Germany .

Арыш – қоршаған ортаның факторларына бейімделген өнімділігі мен майлылығы жоғары (42% – ға дейін) перспективалы майлы дақыл. Арыш майы тағамдық мақсаттарға адам рационына бағалы биологиялық қоспа ретінде, сондай-ақ техникалық мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы майлы дақылдар нарығының жағдайы, сондай-ақ оның дамуының негізгі тежеуші факторлары Қазақстанның «KazOil 2018» екінші Халықаралық май-тоңмай конференциясы барысында жетекші қазақстандық және әлемдік сарапшылар мен талдаушылардың талқылауына айналады.  Іс-шара 28-29 қарашада Астана қаласында өтеді және майлы дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін экспорттаушылар мен импорттаушыларды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді, агрохолдингтер, қауымдастықтар, қайта өңдеу кәсіпорындары, логистикалық компаниялар, талдау агенттіктері, банктер, инвестициялық қорлар, тауар биржалары мен брокерлердің өкілдерін, т.б. жинайды. Конференция кең географиямен ұсынылады: Қазақстан, Ресей, Еуразиялық экономикалық одақ пен ТМД басқа да елдері, Қытай, Азия, Еуропа елдері.  Іс-шараны ұйымдастырушылар – “Агро Индустрия KZ”және “АПК-Информ” АА.

29 қарашада «KazOil 2018» конференциясымен қатар «Qazaq Organic Food: жаңа мүмкіндіктер, жаңа нарықтар» бірінші халықаралық конференциясы өтеді. Онда шетелдік және қазақстандық Органикалық өнім өндірушілер мен импорттаушылар еуропалық нарыққа шығу мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылайды.

“KazOil 2018” – Мен қатар, 29 қарашада “Qazaq Organic Food: жаңа мүмкіндіктер, жаңа нарықтар”атты бірінші халықаралық конференция өтеді. Онда шетелдік және қазақстандық органикалық өнім өндірушілер мен импорттаушылар еуропалық нарыққа шығу мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылайды.

Дереккөзі:
«KazOil 2018» және «Qazaq Organic Food»
ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы