Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылғы құрғақшылыққа дайындалып жатыр

Бүгiн ОКҚ брифингi астық нарығын тұрақтандыру мәселесiне арналды. Жиын барысында «Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы» ҰК Экспорттық келiсiмшарт бөлiмiнiң директоры Нұржан Мұхамеджанов алдағы жылы елiмiзде құрғақшылық қаупiнiң жоғары екенiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ел өңiрлерi астық қорын құруы тиiс. Себебi, талдау нәтижесi бойынша 2018 жылы құрғақшылық қаупi жоғары. Қазгидромет мәлiметiнше, құрғақшылық 10 жылда 3 рет қайталанады. Ылғалдылық деңгейi өткен 2-3 жылға қарағанда төмен. Биыл мол қар жауғанға дейiн аяздың түскенiн ескерсек, осы кезеңде қысқы ылғал төмен болады деп күтiлуде. Сәйкесiнше, астық қорының болуы аса қажет», – дедi Нұржан Мұхамеджанов.

Фото: ©pisauikan / pixabay.com
Фото: ©pisauikan / pixabay.com

Ал Қазақстан фермерлер одағының президентi Әуезхан Даринов бұған дейiн талай құрғақшылық болып, олардан елдiң аман-есен шыққанын айтты.

«Биыл да дайындаламыз. Бiрақ, жаман айтпай, жақсы жоқ. Егер қатты бiр құрғақшылық, төтенше жағдай болса, әрине Үкiметтен көмек сұраймыз. Дегенмен, шаруа қожалықтарына айтарым, менiң «Дарин» деген өз шаруашылығым қандай құрғақшылық болса да, бiр тиын алған жоқ. Талай фермерге сақтандыру төленiп, көмек көрсетiлiп жатты. Неге мен алған жоқпын? Маған ақша керек еместiгiнен емес. Мен уақытында жақсы тұқым септiм, қазiр көбi ылғалға қажеттi қарды ұстай алмай жатса да, бiз қар ұстап жатырмыз. Соның арқасында ертең қандай құрғақшылық болса да кемiнде 4-5 центнер астық алармыз. Осылайша, мен қарыздан құтылып, одан кейiнгi жылға дайындаламын. Сондай дайындыққа тырысу керек деп ойлаймын», – дедi Әуезхан Даринов.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы