Шекара белдеуiндегi ауыл шаруашылығы жерлерi жалға берiлмейдi – АШМ

Бүгiн ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Мәжiлiс отырысында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің жаңа тәртібін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Бүгiн Мәжiлiс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын бiрiншi оқылымда мақұлдады.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

«Заң жобасында шекаралық белдеу мен шекара аумағында орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына немесе шетелдік заңды тұлғаларға және құрамында шетелдіктер бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Мемлекеттік шекараның шекара аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына ғана жалға алу құқығы беріледi. Ал, мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері қазақстандықтарға да берілмейді. Аталған аумақтардағы ауыл шаруашылығы жерлерін жергілікті халыққа жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі», – дедi Мырзахметов.

Министрдiң айтуынша, заң жобасымен жергілікті тұрғындардың малына жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында елді мекендер айналасында жайылым алаңдарын айқындайтын норма көзделiп отыр. Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жалға беруге тыйым салынады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы