2018 жылы «ҚазАгро» Холдингі АӨК субъектілерін қаржыландыруға 400 млрд теңге бағыттады

Агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру міндеті «ҚазАгро» Холдингінің қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде несиелеу арқылы, сондай-ақ  АӨК субъектілерін одан әрі қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерді (ЕДБ), несие серіктестіктерін, микрокредиттік ұйымдар мен лизингтік компанияларды қорландыру арқылы шешіледі, Agroinfo.kz «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: freeimages.com
Фото: freeimages.com

Саланы қаржыландыру көлемі өткен жылы 400 млрдтеңгені құрады – бұл Холдинг пен еншілес компаниялардың барлық жұмыс істеген жылдары бұрын-соңды болмаған көлем және ол 2017 жылғы деңгейден 50% – ға (266,7 млрд теңге) артық.  Бұл көлемнің 96% – ы (немесе 385 млрд теңге) несиелер мен лизингке бағытталған (ұзақ мерзімді қарыз үлесі 90%). 20 мыңға жуық несие берілді, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды және 56 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы 2019 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудағы проблемалық мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында «ҚазАгро» активтер және инвестициялар жөніндегі басқарушы директор Асылхан Джувашев мәлімдеді.

Банктердің ауыл шаруашылығын қаржыландыруға деген қызығушылығының төмендеуі аясында, Холдинг жеке қаржы ұйымдары – несие серіктестіктері, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейдегі банктер және лизингтік компаниялар арқылы қаржы қызметтеріне қол жеткізу арналарын белсенді кеңейтіп отыр. Оларды қорландыру арқылы несие беру көлемі 132 млрдтеңгеге дейін ұлғайды немесе алдыңғы кезеңнің көлемінен шамамен 48% – ға өсті және Холдингтің жалпы аграрлық саланы несиелендіру көлемінің 34% – дан астамын құрады, – деп «ҚазАгро» өкілі нақтылады.

Бүгінгі күні несие беру нарығында фермерлер тарапынан Холдинг ұсынатын құралдарға сұраныс өсуі байқалады.

Дөңгелек үстел барысында Мәжіліс депутаттары тарапынан өз шешімін және көмек көрсетуді талап ететін мәслелер қарастырылып, шешу жолдары да ұсынылды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы