Соңғы үш жылдың ішінде «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі тарапынан ауылдағы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру көлемі 1,8 есе өсті

2018 жылы 34 млрд теңге сомасына шағын несие беру жоспарлануда. Осы мақсатқа «ҚазАгро» Холдингінің құрамындағы қаржы-несиелік ұйымы Қаржылай қолдау Қоры арқылы өнімдер желісі экспортқа бағытталған келісімдері бар шаруашылықтарға ірі және ұсақ аналық мал басын сатып алуды қарастыратын несиелеу бағдарламаларымен толықтырылу жоспарлануда. Қаржыландыру үшін қажетті құжаттар пакетін оңтайландыру мақсатында e-gov.kz мәліметтер базасымен интеграцияны жүргізу жоспарланған, деп «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі.

2017 жылы Қор арқылы ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруға 50 млрд теңге бағытталды.

Сондай ақ, несиелеу көлемі 2015 жылы 27,3 млрд теңге болатын болса, 2016 жылы – 34,9 млрд теңге, ал 2017 жылы берілген несиелер көлемі 49,9 млрд теңгеге жетті.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Өткен жылы Қор 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысты.

Несиелеу келесі негізгі бағдарламалар бойынша жүргізілді: отбасылық тауарлы сүт фермаларын құру және дамыту бойынша «Ырыс» бағдарламасы; малды бордақылауға арналған «Береке» бағдарламасы; ауылшаруашылық мал мен құстарды көбейту бойынша «Игілік» бағдарламасы; ет, сүт және жеміс-көкөніс бағыттарында сервистік-дайындау ұйымдарын қаржыландыру бойынша «Ынтымақ» бағдарламасы; отбасылық қарқынды алма бақтарын құруға арналған бағдарлама.

  • Өткен жылы Қор жалпы сомасы 49,9 млрд теңге 13 238 жобаны қаржыландырды. Бұл қаражаттың арқасында 13 837 адам жұмыспен қамтылды, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Оспанов.

Сонымен қатар, Қор сенімді өкіл ретінде «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясында ауылды жерлерге жұмысқа келген жас мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 11 млрд теңгеге 3 424 қарыз берді.

Жүргізілген несиелеудің нәтижесінде өткен жылы 6 689 отбасылық мал бордақылау алаңы, 159 сүт қабылдау бекеті, 67 мал сою бекеті құрылып, 51 сүт тасымалдау көлігі мен 40 рефрижератор, бордақылауға 104 мың бас және 52,6 мың аналық мал басы сатып алынды.

Жалпы, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы Холдингі 2017 жылы АӨК қолдауға 266,7 млрд теңге бағыттады, соның ішінде АӨК несиелендіруге – 245,7 млрд теңге. Несиелендіру құрылымындағы шағын және орты бизнестің үлесі 94 пайызды құрайды. 2017 жылы 22 мың-ға жуық несие берілді, Холдинг бағдарламалары арқылы АӨК субъектілерінің қамтылуы 60 пайызға өсті. Қарыздың орта сомасы 11 млн.теңгені құрады. Бұл 62,8 мың адамды жұмыспен қамтып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізді. Түрлі сала бағыттарының қажеттілігіне және агробизнес көлемдеріне икемделген 40-тан астам несие өнімдері жүзеге асырылуда.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы