•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 853

    Агроөнеркәсіптік кешен: Субсидиялар саны қысқарады

    Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде есеп берді, деп BAQ.KZ тілшісі.

    Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру қолжетімділігін арттыру үшін 8 нақты шара көзделген.

    Иллюстративное фото: из открытых источников

    Иллюстративное фото: из открытых источников

    «2018 жылы негізгі құралдарға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникалары мен жануарларының лизингі қалпына келтірілді. Биыл 10 айда 50 млрд теңгеден астам 2752 бірлік техниканы лизингке алу мүмкін болды. Өткен жылмен салыстыратын болсақ 40 млрд теңгеге, немесе 20 пайызға төмен 2400 техника берілді. Бағдаралма ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында іске асырыла бастағанын ескерсек, бұл – жақсы нәтиже. Жалпы 2018 жылы лизинг бағдарламасына 60 млрд теңгеге дейін қаржы бағыттау жоспарланып отыр», – деп айтты Евниев.

    Ауыл шаруашылығы вице-министрі инвестициялық субсидиялау бойынша тәсілдемелер өзгертілгенін, енді инвестициялық салымдарды өтеу үлесі барлық паспорттар бойынша 25 пайыз болып белгіленгенін атап өтті. Тек жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру жобалары бойынша өтеу пайызы 80 пайыз деңгейінде сақталатын болады және бұл жаңа инвестициялық жобаларға бастама жасауға серпін берді.

    «Егер былтыр «ҚазАгро» желісі бойынша 45 млрд теңгеге 40 ірі инвестициялық жоба мақұлданса, ал биыл жыл басынан бері құны 104,5 млрд теңге 76 жоба мақұлданды», – деді вице-министр.

    Евниев мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру шеңберінде тиімсіз субсидиялар саны қысқартылатынын айтты. Мұндай субсидияларға өсімдік шаруашылығындағы гектарлық, мал шаруашылығындағы өнімділікті субсидиялау жатқызылады. Реформалау қорытындысы бойынша 54 субсидия түрінен 34 субсидия қалады. Қалғандары барынша оңтайландырылып, жыл соңына дейін толықтай автоматтандырылатын болады.

    Опубликовано 05.12.2018

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -5°
      -9°
      Пн
      -9°
      Вт
      -16°
      Ср
      -16°
      Чт
      -22°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian