•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 3 320

    Қазығұртта кәсіпкер жылына мың тонна өсімдік майын өндіреді

    Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылдық округіндегі «Сапа 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығының бірқатар бағытын қатар жүргізіп отыр. Соның бірі – өсімдік майын өндіру, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Жобаның жалпы құны – 112,5 млн теңге. Өндіріс орны өсімдік майынан жылына 1000 тонна тауар шығаруға қауқарлы.

    Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Мекеме басшылығы ісінің ілгерілегенін мемлекет тарапынан көрсетілген көмектер мен жеңілдіктермен байланыстырады.

    «Бізде шығарылған өнім елімізден бөлек, Қытай Халық Республикасының нарығына шығарылуда. Мұнда 22 адам жұмыс істейді. Орташа айлық жалақы 70 000 теңге шамасында. Жоғары сапада шығарылатын тауарға деген сұраныс күшті, әлі де артып келеді. Айта кету керек, бұл жерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың көмегі мол болды. Ендігі мақсат – осы жобаның ауқымын кеңейте түсу», – деді кәсіпорын директорының орынбасары Ерәлі Аширов.

    Одан бөлек, қожалық мал бордақылаумен де айналысады. Бүгінде жалпы 10 мың бас қойды бордақылауға арналған алаң салынған. Бордақыланған малдың еті елімізден бөлек Ресей, Өзбекстан елдеріне экспортталуда. Мұнда асыл тұқымды қазақтың қылшық жүнді құйрықты және меринос қойларын өсірілуде. Қазіргі таңда қожалықта 4 683 бас меринос қойы, 3 864 бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы, 300 бас жылқы, 350 бас ірі қара, бар.

    Айта кетейік, шаруашылықты ірілендіру мақсатында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан жыл сайын жаңа техникалар лизинг негізінде сатып алынады.

    Дереккөзі: ҚазАқпарат

    Опубликовано 07.03.2019

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Как вы относитесь к промышленному выращиванию генно-модифицированных культур?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -7°
      -4°
      Чт
      -4°
      Пт
      0°
      Сб
      1°
      Вс
      0°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39