•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 362

    Орта Азия мемлекеттері шекараалық су мәселелеріне байланысты сұрақтарды талқылады

    Орталық Азияның 10 мемлекетінің өкілдері (Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан), халықаралық ұйымдар (БҰҰ ЕЭК, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым) мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері шекараалық су ресурстарына байланысты сұрақтарды Су ресурстарын басқару бойынша салааралық ынтымақтастықты нығайту және судың рөлін күшейту жөніндегі аймақтық кеңесінде талқылады, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.

    Бұл кеңестің негізгі мақсаты – Орталық Азия аймағының және көршілес елдердің сарапшыларын су ресурстарын басқаруға тартылған салалардың ынтымақтастығын қамтамасыз етудегі тәжірибесімен алмасу үшін біріктіру және аймақтық деңгейде салааралық өзара әрекеттестікті нығайтудың ортақ тәсілдерін, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруда судың рөлін күшейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

    Фото: ©Free-Photos / pixabay.com

    Фото: ©Free-Photos / pixabay.com

    Кеңес мүдделі секторлар арасында, соның ішінде су ресурстары, қоршаған орта, энергетика және денсаулық сақтау салаларында су ресурстарын кешенді басқарудағы диалогты дамытуға арналған.

    Кеңестің барысында қатысушылар қазіргі таңдағы кемшіліктерді салааралық ынтымақтастықты дамытудың тиімді жолдарын талқылай отырып, аймақтық ұсыныстарды әзірледі, осы ұсыныстар болашақта Халықаралық суды бағалау орталығының жұмыс бағдарламасында қолдау табуы мүмкін.


    Анықтама: Халықаралық суды бағалау орталығы – Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) арасындағы өзара түсінік туралы Меморандум негізінде шекарааралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Тараптары Кеңесінің шешіміне сәйкес құрылған су ресурстарын кешенді басқару жөніндегі халықаралық ынтымақтастық орталығы.


    2017 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында Халықаралық суды бағалау орталығының ашылуы өтті. Кеңсенің ашылуы аймақтық диалогтың тиімділігін арттыруға халықаралық ұймдармен су мәселесі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған қадам болды. Орталықтың Қазақстанда жұмыс істеуі елге аймақтық және жаһандық су проблемалары бойынша халықаралық ғылыми орталыққа айналуға және әлемдік қоғамдастыққа өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

    Орталықтың негізгі міндеті шекараалық су конвенциясын жүзеге асыруға қолдау көрсету болып табылады. Халықаралық суды бағалау орталығы өз кезегінде Орталық Азия елдеріне, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК аймағына кіретін және одан тыс елдерге ерекше көңіл бөледі.

     

    Опубликовано 13.07.2018

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -6°
      -5°
      Чт
      -11°
      Пт
      -13°
      Сб
      -10°
      Вс
      -4°
      Пн
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian