АӨК-ті цифрландырудан экономикалық тиімділік 2025 жылға дейін 40 млрд теңгені құрайтын болады

АӨК-ті цифрландыру агроөнеркәсіп саласының серпінді дамуының кепілі болып табылады, ол Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін арттыру және ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаудың көлемін кемінде 2,5 есе арттыру жөніндегі міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.

АӨК-ті цифрландыру аясында «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС базасында «Нақты егіншілікті дамыту үшін инновациялық агротехнологиялық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасы құрылған болатын және оның жүзеге асыру жұмыстарымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев танысты.

Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

«Қаскелең» агропаркі 6 ірі ғылыми институттар консорциумы негізінде 1630 га жер көлемінде жүгері, соя, жаздық бидай және арпа және сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарын өсіріп-өндіру бойынша құрылған.

Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге электронды жер картасы, нақты метеодеректер, сенсорлар мен датчиктер, жоғары ажыратымдылықтағы камералармен жабдықталған әртүрлі ұшақтарды пайдалана отырып аэрофототүсірілім жасау, космомониторинг, параллельді жүргізу жүйелерін пайдалану, қашықтан басқару және басқа шешімдер жатады.

Мұндай технологияларды енгізу ауыл шаруашылығында тәуекелдерді басқарудың жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді; телеметрия және қашықтан кіру жүйелері, қысқа уақыт ішінде үлкен аумақтардан әртүрлі мәліметтерді алуға және талдауға және технологиялық үдерістер мен операцияларды түзету бойынша уақтылы шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.

Мысалы, дифференциалды қолданудың арқасында тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау өнімдерін тиімді пайдалану, суару жүйесінде су мен энергия шығынын үнемдеу үшін суару режимдерін өзгерту, жүктің біркелкі бөлінуіне байланысты ауыл шаруашылық техникасының логистикасын жоспарлау және тиісінше, оның өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі жоспарланған шығындарды 70% -ға дейін азайтуға мүмкіндік береді және нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырады.

Министрлік тарапынан АӨК-ті дамытудың барлық негізгі бағыттары бойынша осындай біліктілік орталықтарын құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Университеттер, ҒЗИ мен тәжірибелік шаруашылықтар базасында осы технологияларды тиімді оқыту және тарату ұйымдастырылуда.

Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті ауқымды цифрландыру үшін екі үлкен тапсырма қойып отыр. Олар:
– АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру;
– Өндірістік саланы технологиялық қайта жарақтандыру.

Цифрландыру АӨК-ті мемлекеттік реттеудің төрт бағытын дамытудың маңызды құралы болып табылады, олар: АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігі, өткізу нарығын және экспортты дамыту, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі, су және биоресурстарды тиімді басқару.

Аталған бағыттар бойынша АӨК-тегі 101 мемлекеттік қызмет көрсету мен оған байланысты процестер автоматтандырылатын болады.

АӨК-ті цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті және еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік шамамен 40 млрд теңгені құрайды.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы