Өндірушілер күріш бағасын 8% арзандатты

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда өндіруші кәсіпорындар бағасы 8,1%-ға жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде – 11,5%, өңдеу өнеркәсібінде 4,2%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім – 8,4%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 5,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


 

Иллюстративное фото из открытых источников
Иллюстративное фото из открытых источников
Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
2018 жылғы маусым 2018 жылғы
қаңтар-мамыр
2017 жылғы
қаңтар-мамырға
2018 жылғы
мамырға
2017 жылғы
маусымға
2017 жылғы
желтоқсанға
2015 жылғы
желтоқсанға
Өнеркәсіп өнімдері, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді қоса 3,0 22,2 8,1 46,8 15,9
Өндірілген өнім 3,3 24,0 8,4 50,3 16,8
Өндіріс құралдары -0,1 17,7 1,3 32,5 19,1
Аралық тұтыну өнімдері 3,8 27,9 9,7 57,7 19,3
Тұтыну тауарлары 0,3 1,9 -0,2 14,5 2,0
Өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер -1,0 6,2 5,3 16,6 8,2

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы дизель отынына – 18,4%, мұнайға – 13,2%, мазутқа – 8%, табиғи газға – 4,3%, металл кендеріне – 3,5%, көмірге 3,4%-ға жоғарылады, бензинге 1,3%-ға төмендеді.

Бағаның ферроқорытпаларға – 15,7%, қара металдар илегіне – 10,1%, алюминийге 8,7%-ға жоғарылауы, олардың мырышқа – 5,2%, қорғасынға 2%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке – 8%, қантқа – 4,2%-ға, өсімдік майына және шайға – 2,9%-дан, қара бидай ұнына – 1,9%, балыққа – 1,1%, мал етіне – 0,6%, нанға 0,5%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына – 5,1%, жармаларға – 3,4%, макарон өнімдеріне – 1,9%, құс етіне – 1,8%, сүт өнімдеріне 0,4%-ға төмендеуі байқалды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы