Межеленген көрсеткіштерді қамшылау қажет
Мал шаруашылығындағы межелерді бағындыруда кей өңірлер қалғып отыр. Өмірге жолдама алған бағдарламаларға қан жүгіртуде олардың қам-қарекеті бәсең. Кесірінен министрлік қағаздағы іс жүзіндегімен сәйкес келмейтініне күйініп отыр.
Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады
Кезекті алқа мәжілісі жетіс тіктерді жіпке тізуден гөрі ақталудың алаңына айналған секілді. Көшбасшы әріптестерінің шаңында қалған аймақтар өз уәждерін ортаға салды. Таяқтың бір ұшы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдіктеріне де тиді. Қос өңірдің 700 шаруасы тиесілі демеуқаржыдан қағылған. Олар өткен жылдан бері қолдауды сезіне алмай әлектенуде. Селекциялық- асылдандыру жұмыстарын жүргізуге бағытталған демеуқаржы әлі де төленбеген. Қыл аяғы шығыстағы шенділер қимылдаудың орнына әліптің артын бағуға кіріскен. – «Сыбаға» бойынша 25 мың бас мал үшін 500 шаруа жарты жыл бойы заңды ақшаларын ала алмай отыр. Сіздер (авт. ШҚО әкімдігі) оны биылғы қаңтар айында 2015 жылғы қаржының есебінен төлеулеріңіз қажет еді. Демеуқаржыландырудың ережесіноқыңыздар . Бюджеттік тәртіптің бұзылуына түрткі болып , шаруаларды шатастырып отырсыздар. Комиссияның шешімі болса, қол қусырудың қажеті жоқ, – деп шүйлікті Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Тағылған мінді мойындаған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин шілде айында түйіткілдің түйінін тарқатуға уәде етті. Жалпы биыл мал шаруашылығының еншісіне 64 млрд. теңге көлемінде демеуқаржы тиген. Осы 5 айдың мәліметтеріне сүйенсек, облыс әкімдіктері оның 16 млрд.теңгесін игерген. Жыл басынан бері тек 6 облыс шаруаларға демеуқаржы үлестіруге кіріскен.
Демеуқаржыландыру автоматтандырылмақ
Өткен жылы демеуқ ар жыландыру ережелері өзгеріске ұшырады. Тың талапқа сай мал басы электрондық жүйеге енгізілді. Оның бірдейлендіру дерекқорындағы мәліметтермен сәйкестігін тексеру – әкімдіктерге демеуқаржы төлеу кезінде жүктелетін жүк. Алайда қол сілтейтін өңірлер де жоқ емес. ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Еркебұлан Ахметовтың дәйегіне сүйенсек, себептері әрқилы.
Біріншіден, шаруашылықтар мал басы бойынша деректерді электрондық жүйеге дер кезінде енгізбейді. Екіншіден, аудан әкімдігі деңгейінде мамандар өз жұмыстарына жүрдім- бар дым қарайды. Сонымен қатар сараптамаға сәйкес көптеген шаруашылықтарға негізсіз демеуқаржы төлеуден бас тартылғаны анықталды. Сенімге секем түсірмеу үшін министрлік жүйенің мөлдірлігін қамтамасыз етуге бел буды. Ел бойынша демеуқаржыландыруды автоматтандыру арқылы қара қыл қақ жарылмақ. Оның негізінде жергілікті деңгейде шаруалар шенеуніктермен жолықпайды. Өтінім ғаламтормен тапсырылады. Ал интернетке мұқтаж елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына иек артылмақ. «Демеуқаржыландыру өңірлік деңгейге берілгенімен, кейде дер кезінде төленбейді. Әділеттілік сақталмайтын жайттар да кездеседі. Құжатты кеш тапсырған шаруа демеуқаржыны өзгелерге қарағанда ерте алуы мүмкін. Қыл аяғы кей фермерлер қолдаудан құр алақан қалуы да рас. Бұл шаруалардың аталған бағдарламаларға күдікпен қарауына әкеліп соғады. Сондықтан демеуқаржыландыруды автомат та ндыру мәселесіме н айналысудамыз. Жолданған мәліметтердің сәйкестігі де автоматтандырылған жүйе арқылы тексерілуі тиіс», – деп мәселенің жай-жапсарын еліміздің бас аграрийі бағамдады. Тағы бір жағымды жаңалық. 2014 жылы өңдеу кәсіпорындарының терең өңдеу үшін сүт сатып алуға жұмсалатын шығындарын демеуқаржыландыру тетігі күшіне енгенді. Қанат қақты жобаның олқ ылықтары анықта лып, өзгерістер енгізілген. Енді шаруалардың өтінімдері тоқсан сайын қарастырылмақ. Ұсынылатын құжаттар да оңтайландырылды. Биыл бұл қолдаудың шапағатын сүт өндірісі дамыған барлық облыстың шаруалары сезінбек. Бағдарламаға 2,6 млрд. теңге бөлініп отыр.
Жоспардың орындалуы сылбыр
Жайылымдарға су көзін тартуға бел буған шаруаны мемлекет демейді. Құдықтар мен суару құрылыстарын салуға және жаңғыртуға жұмсалған шығынның 80 пайызы демеу қаржыландырылады. Бағдарлама өткен жылы қолға алынған. Оған сәйкес 239 құдық қолданысқа тапсырылды. Нәтижесінде 2014 жылғы жоспардың 68 пайызы ғана бағындырылған. Ең жоғары көрсеткіштер Батыс Қ азақстан және Қостанай облыс тарының еншісінде. Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан өңірлері жұмысты қ амшыламаған. Қағаздағы толық іске аспаса да, биылғы меже 2 мәрте еселенген. Әзірге 400 құдықтың тек 96-сы әзір. Ал 97-сі бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Оған қол сілтеп, шырылдауық шегірткенің кебін кигендер табылды. Шығыс өңірі кезекті рет сынға ілікті. Облыс жайылымдарында биыл 40 құдық салынуы тиіс. Жоспар әзірге қағаздан ары аспаған. Жергілікті шенеуніктер бар гәп уақыттың тапшылығына тірелетінін айтып ақталуда. Десек те техникалық жобалауды, өзге ведомстволармен келіссөздерді талап ететін жұмысты жыл соңына дейін тындырмақ. «Кей аймақтар жарты жылда жоспарды орындаған. Жабулы қазан сол күйінде қалған өңірлер де бар. Қыс бойы қалғығандарда нәтиже жоқ. Бірақ құдықтар барлығына қажет. Шаруаға тек мекемені таңдап, қажетті құжаттарға, келісімдерге қол қою ғана қалады. Қалған жұмыстың барлығын жобалау және құрылыс компаниялары тындыруы тиіс», – деп атап өтті министр. Бұл ретте әкімдіктермен қатар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ да білекті сыбануы шарт.
Ветеринарлық бекеттерде бақылау күшейтілмек
Ветеринарлық бекет тер ғаламторға қарық болмақ. Оның арқасында төрт түлікті бірдейлендірудің нәтижелігін арттыру көзделген. Тек айқындалған міндеттің іс жүзінде орындалуы әлі де сылбыр. Маусым айының деректеріне сәйкес, Қарағанды облысындағы 64 ветеринарлық бекеттің бар-жоғы 4-уі ғана интернетке қосылған. Ақмола және Батыс Қазақстан өңірлері де жұмысты қ амшылауы тиіс. Бірақ әкімдік өкілдері шалғай аудандарға интернетті тарту екіталай екенін ортаға салды. – Алыс аудандарға сым тартасыздар ма? Сіздерге тағы да дұрыс кеңес бермей отыр. Серік үшін елді мекеннің алшақтығында айырмашылық жоқ. Басқа провайдерге жүгіңіздер. Бұл спутниктік технология. Онда арақашықтық деген түсінік атымен жоқ.
Жер дөңгелек. Серіктер бір орбитада ұшады. Онда ештеңе тартудың қажеті жоқ екенін түсініңіздер. Тек алдымен «қол мен аяқты тарту» керек. Себебі бірдейлендіру жұмыстары оңайға соқпай отыр. Бұл мәліметтердің бұрмалануына, уақыттың рәсуа етілуіне әкеліп соғады, – деп ведомство басшысы ашына айтты.
Тағы бір мәселенің ұшы шықты. Бүгінде ветеринарлық бекеттер биологиялық қалдықтарды жоятын арнайы пештермен жарақтандырылған. Сараптамаға сәйкес 2450 инсинератордың ішінде 100-і кәдеге жаратылмайды. Бірі жанар-жағармайдың жоқтығын сылтаулатса, бірі қ ажетті мамандардың тапшылығын алға тартуда. «Әуелі түсінік жетпейтін секілді. Шұңқырлар көне тәсіл, бұл биологиялық қару саналады. Эпизотикалық бақылауды уысымызда ұстауды қаласақ, онда ауру малды талапқа сай жою қажет», – деп күйінді Асылжан Сарыбайұлы.
Ет экспортының қарқыны бәсеңдеді
Ата кәсіптің қанатын кеңге жаю міндеті тұр. «Қазақстанда шығарылған» белгісі сыртқы нарықты бағындыру үшін әлі де тер төгу қажет. 2014 жылы 9,7 мың тонна сиыр етін экспорттау межеленген. Іс жүзінде жоспардың тек 63 пайызы ғана орындалған. Оның дені Батыс Қазақстанның еншісінде. Биылғы көрсеткіш еселенген. 11 мың тонна сиыр еті шекара асуы тиіс. Әзірге оның қарқыны мәз емес. Қыл аяғы экспорт деңгейі құлдилаған. Көрші елдегі төл валютаның құбылуы екі аяққа тұсау салып отыр. 5 ай ішінде 4,5 мың тонна қазақстандық еттің дәмін өзге мемлекеттер татса, оның баржоғы 878 тоннасы ғана сиыр еті екен.
– Шынымен жоспарлар қайта қарастырылатыны сөзсіз. Олар негізінен әкімдіктердің ке лісімімен айқындалады. Біз әкімдіктер үшін жоспарлы индикаторларды өзіміз белгілемейміз, бірлесе мақұлдаймыз, – деп мәселенің мәнісін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов тергіштеді.
Десек те атқамінерлер еліміздің аусыл ауруынан еркін аумақ мәртебесін иеленуі арқасында экспорттың көлемі ұлғаяды деп үміттенеді. Ал өнімнің бәсекелігін арттыру үшін малдың генетикасын жақсарту, оның өнімдерін өңдеуге арналған заманауи кешендерді салу жұмыстарын жетілдірмек. Бірінші кезекте ішкі нарықты, отандық тауар өндірушілерді қолдау, мүдделерін қолдау шараларын іске асыру қажет. Әуелі сапасыз өнімдерді, техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін тауарларды тәлкілеу. Отандық өндірушілердің шығарған тауарын тұтыну көлемін арттыру мақсатында насихаттау жұмыстарын күшейту.
Өндіріске жан бітіру қажет
Биылғы 5 айдың ішінде ет өндірісі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,3%, сүт өндірісі 2,2%, жұмыртқа өндірісі 13,8% еселенді. 2014 жылы сүтті қайта өңдеу үлесі 40%, ет бойынша көрсеткіш 33 пайызды құраған. Сырттан дорбаланатын ақтың көлемі соңғы 4 жылда 16% төмендеді. Өзге елдерден жеткізілетін еттің деңгейі де құлдилаған. Министрлік өкілдерінің пайымынша, бүгінде төрт түліктің өнімін саудалауға тосқауыл жоқ. Түйіткілдер өндіріске қатысты туындайтын көрінеді. Өңдеу кәсіпорындарының қауқары әлі де толық кәдеге жаратылмайды. Мәселен, етті қайта өңдеу кешендері шамамен 86 пайызға жүктелген. Сапалы шикізаттың тапшылығы да атқамінерлерді күйіндіріп отыр. Бұл бағытта өткен жылы жаңа бағдарламалар өмірге жолдама алған. Шопан ата тұқымын көбейтуге серпін беретін «Алтын асық» бойынша 250 мың аналық қойды несиелеу белгіленген. Бірақ өңірлер жоспардың тек 15 пайызын орындап, 37 мың бас аша тұяқ сатып алынған. Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары көш соңына ілескен. Аталған өңірлерде көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. «Құлан» бағдарламасы бойынша д а нәтиже мәз емес. Өткен жылы 25 мың жылқы сатып алу қарастырылған. Тек іс жүзінде оның тең жартысы ғана жүзеге асты. Кей өңірлер жоспардытым асыра көрсеткенге ұқсайды. Бұл ретте игерілмеген қаражат белсенді облыстарға бағытталуы ықтимал. Бордақылау алаңдарының ахуалы да көңілді күпті етеді. Олардың әлеуеті әлі де толық кәдеге жаратылмайды. Соңғы 4 жылда 193 бордақылау алаңдары ашылған. Ол алаңдар 18,7 мың малға арналған. Бірақ бүгінде ірі экспорттық бағыттағы 13 алаң тек 40 пайызға ғана жүктелген. 53 мыңның орнына онда 20 мың ірі қара бар.
Венера Мұстафина