Межеленген көрсеткіштерді қамшылау қажет

Мал шаруашылығындағы межелерді бағындыруда кей өңірлер қалғып отыр. Өмірге жолдама алған бағдарламаларға қан жүгіртуде олардың қам-қарекеті бәсең. Кесірінен министрлік қағаздағы іс жүзіндегімен сәйкес келмейтініне күйініп отыр.

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады

Кезекті алқа мәжілісі жетіс тіктерді жіпке тізу­ден гөрі ақталудың алаңына айналған секілді. Көшбасшы әріптестерінің шаңында қалған аймақтар өз уәждерін ортаға салды. Таяқтың бір ұшы Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдіктеріне де тиді. Қос өңірдің 700 шару­асы тиесілі демеуқаржыдан қағылған. Олар өткен жылдан бері қолдауды сезіне алмай әлектенуде. Селекциялық- асылдандыру жұмыстарын жүргізуге бағытталған деме­уқаржы әлі де төленбеген. Қыл аяғы шығыстағы шенділер қимылдаудың орнына әліптің артын бағуға кіріскен. – «Сыбаға» бойынша 25 мың бас мал үшін 500 шаруа жарты жыл бойы заңды ақшаларын ала алмай отыр. Сіздер (авт. ШҚО әкімдігі) оны биылғы қаңтар айында 2015 жылғы қаржының есебі­нен төлеулеріңіз қажет еді. Демеуқаржыландырудың ережесіноқыңыздар . Бюджеттік тәртіптің бұзылуына түрткі болып , шаруаларды шатастырып отырсыздар. Комиссияның шешімі болса, қол қусырудың қажеті жоқ, – деп шүйлікті Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Тағылған мінді мойындаған Шығыс Қазақстан облысы әкі­мінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин шілде айында түйіткіл­дің түйінін тарқатуға уәде етті. Жалпы биыл мал шару­ашылығының еншісіне 64 млрд. теңге көлемінде демеуқаржы тиген. Осы 5 айдың мәлімет­теріне сүйенсек, облыс әкім­діктері оның 16 млрд.теңгесін игерген. Жыл басынан бері тек 6 облыс шаруаларға деме­уқаржы үлестіруге кіріскен.

Демеуқаржыландыру автоматтандырылмақ

Өткен жылы демеуқ ар жыландыру ережелері өзге­ріске ұшырады. Тың талапқа сай мал басы электрондық жүйеге енгізілді. Оның бір­дейлендіру дерекқорындағы мәліметтермен сәйкестігін тексеру – әкімдіктерге деме­уқаржы төлеу кезінде жүк­телетін жүк. Алайда қол сіл­тейтін өңірлер де жоқ емес. ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры Еркебұлан Ахметовтың дәйе­гіне сүйенсек, себептері әрқилы.

Біріншіден, шару­ашылықтар мал басы бойынша  деректерді электрондық жүйеге дер кезінде енгізбейді. Екіншіден, аудан әкімдігі деңгейінде мамандар өз жұмыстарына жүрдім- бар ­дым қарайды. Сонымен қатар сараптамаға сәйкес көпте­ген шаруашылықтарға негіз­сіз демеуқаржы төлеуден бас тартылғаны анықталды. Сенімге секем түсірмеу үшін министрлік жүйенің мөлдір­лігін қамтамасыз етуге бел буды. Ел бойынша демеуқар­жыландыруды автоматтандыру арқылы қара қыл қақ жарыл­мақ. Оның негізінде жергілікті деңгейде шаруалар шенеунік­термен жолықпайды. Өтінім ғаламтормен тапсырылады. Ал интернетке мұқтаж елді мекендерде кәсіпкерлікті қол­дау орталықтарына иек артыл­мақ. «Демеуқаржыландыру өңірлік деңгейге берілгенімен, кейде дер кезінде төленбейді. Әділеттілік сақталмайтын жай­ттар да кездеседі. Құжатты кеш тапсырған шаруа демеуқар­жыны өзгелерге қарағанда ерте алуы мүмкін. Қыл аяғы кей фермерлер қолдаудан құр алақан қалуы да рас. Бұл шаруалардың аталған бағдар­ламаларға күдікпен қарауына әкеліп соғады. Сондықтан демеуқаржыландыруды авто­мат та ндыру мәселесіме н айналысудамыз. Жолданған мәліметтердің сәйкестігі де автоматтандырылған жүйе арқылы тексерілуі тиіс», – деп мәселенің жай-жапсарын елі­міздің бас аграрийі бағамдады. Тағы бір жағымды жаңалық. 2014 жылы өңдеу кәсіпо­рындарының терең өңдеу үшін сүт сатып алуға жұм­салатын шығындарын деме­уқаржыландыру тетігі күшіне енгенді. Қанат қақты жобаның олқ ылықтары анықта лып, өзгерістер енгізілген. Енді шаруалардың өтінімдері тоқсан сайын қарастырыл­мақ. Ұсынылатын құжаттар да оңтайландырылды. Биыл бұл қолдаудың шапағатын сүт өндірісі дамыған барлық облыстың шаруалары сезін­бек. Бағдарламаға 2,6 млрд. теңге бөлініп отыр.

Жоспардың орындалуы сылбыр

Жайылымдарға су көзін тартуға бел буған шаруаны мемлекет демейді. Құдықтар мен суару құрылыстарын салуға және жаңғыртуға жұм­салған шығынның 80 пайызы демеу қаржыландырылады. Бағдарлама өткен жылы қолға алынған. Оған сәй­кес 239 құдық қолданысқа тапсырылды. Нәтижесінде   2014 жылғы жоспардың 68 пайызы ғана бағындырылған. Ең жоғары көрсеткіштер Батыс Қ азақстан және Қостанай облыс тарының еншісінде. Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан өңірлері жұмысты қ амшыламаған. Қағаздағы толық іске аспаса да, биылғы меже 2 мәрте еселенген. Әзірге 400 құдықтың тек 96-сы әзір. Ал 97-сі бойынша жоба­лау жұмыстары жүргізілуде. Оған қол сілтеп, шырылда­уық шегірткенің кебін киген­дер табылды. Шығыс өңірі кезекті рет сынға ілікті. Облыс жайылымдарында биыл 40 құдық салынуы тиіс. Жоспар әзірге қағаздан ары аспаған. Жергілікті шенеуніктер бар гәп уақыттың тапшылығына тірелетінін айтып ақталуда. Десек те техникалық жоба­лауды, өзге ведомстволармен келіссөздерді талап ететін жұмысты жыл соңына дейін тындырмақ. «Кей аймақтар жарты жылда жоспарды орындаған. Жабулы қазан сол күйінде қалған өңірлер де бар. Қыс бойы қалғығандарда нәтиже жоқ. Бірақ құдықтар барлығына қажет. Шаруаға тек мекемені таңдап, қажетті құжаттарға, келісімдерге қол қою ғана қалады. Қалған жұмыстың бар­лығын жобалау және құрылыс компаниялары тындыруы тиіс», – деп атап өтті министр. Бұл ретте әкімдіктермен қатар «Аграрлық несие корпо­рациясы» АҚ да білекті сыба­нуы шарт.

Ветеринарлық бекеттерде бақылау күшейтілмек

Ветеринарлық бекет тер ғаламторға қарық болмақ. Оның арқасында төрт түлікті бірдейлендірудің нәтижелігін арттыру көзделген. Тек айқын­далған міндеттің іс жүзінде орындалуы әлі де сылбыр. Маусым айының деректеріне сәйкес, Қарағанды облысын­дағы 64 ветеринарлық бекет­тің бар-жоғы 4-уі ғана интер­нетке қосылған. Ақмола және Батыс Қазақстан өңірлері де жұмысты қ амшылауы тиіс. Бірақ әкімдік өкілдері шалғай аудандарға интернетті тарту екіталай екенін ортаға салды. – Алыс аудандарға сым тартасыздар ма? Сіздерге тағы да дұрыс кеңес бер­мей отыр. Серік үшін елді мекеннің алшақтығында айырмашылық жоқ. Басқа провайдерге жүгіңіздер. Бұл спутниктік техноло­гия. Онда арақашықтық деген түсінік атымен жоқ.

Жер дөңгелек. Серіктер бір орбитада ұшады. Онда ештеңе тартудың қажеті жоқ екенін түсініңіздер. Тек алдымен «қол мен аяқты тарту» керек. Себебі бір­дейлендіру жұмыстары оңайға соқпай отыр. Бұл мәліметтердің бұрмала­нуына, уақыттың рәсуа етілуіне әкеліп соғады, – деп ведомство басшысы ашына айтты.

Тағы бір мәселенің ұшы шықты. Бүгінде ветеринар­лық бекеттер биологиялық қалдықтарды жоятын арнайы пештермен жарақтандырылған. Сараптамаға сәйкес 2450 инсинератордың ішінде 100-і кәдеге жаратылмайды. Бірі жанар-жағармайдың жоқтығын сылтаулатса, бірі қ ажетті мамандардың тапшылығын алға тартуда. «Әуелі түсінік жетпейтін секілді. Шұңқырлар көне тәсіл, бұл биологиялық қару саналады. Эпизотикалық бақылауды уысымызда ұста­уды қаласақ, онда ауру малды талапқа сай жою қажет», – деп күйінді Асылжан Сарыбайұлы.

Ет экспортының қарқыны бәсеңдеді

Ата кәсіптің қанатын кеңге жаю міндеті тұр. «Қазақстанда шығарылған» белгісі сыртқы нарықты бағындыру үшін әлі де тер төгу қажет. 2014 жылы 9,7 мың тонна сиыр етін экс­порттау межеленген. Іс жүзінде жоспардың тек 63 пайызы ғана орындалған. Оның дені Батыс Қазақстанның енші­сінде. Биылғы көрсеткіш есе­ленген. 11 мың тонна сиыр еті шекара асуы тиіс. Әзірге оның қарқыны мәз емес. Қыл аяғы экспорт деңгейі құлдилаған. Көрші елдегі төл валютаның құбылуы екі аяққа тұсау салып отыр. 5 ай ішінде 4,5 мың тонна қазақстандық еттің дәмін өзге мемлекеттер татса, оның баржоғы 878 тоннасы ғана сиыр еті екен.

– Шынымен жоспарлар қайта қарастырылатыны сөзсіз. Олар негізінен әкім­діктердің ке лісімімен айқындалады. Біз әкім­діктер үшін жоспарлы индикаторларды өзіміз белгілемейміз, бірлесе мақұлдаймыз, – деп мәсе­ленің мәнісін ҚР Ауыл шаруашылығы министр­лігі Мал шаруашылығы департаментінің дирек­торы Еркебұлан Ахметов тергіштеді.

Десек те атқамінерлер елі­міздің аусыл ауруынан еркін аумақ мәртебесін иеленуі арқасында экспорттың көлемі ұлғаяды деп үміттенеді. Ал өнімнің бәсекелігін арттыру үшін малдың генетикасын жақ­сарту, оның өнімдерін өңдеуге   арналған заманауи кешендерді салу жұмыстарын жетілдірмек. Бірінші кезекте ішкі нарықты, отандық тауар өндірушілерді қолдау, мүдделерін қолдау шараларын іске асыру қажет. Әуелі сапасыз өнімдерді, тех­никалық регламенттерге сәй­кес келмейтін тауарларды тәл­кілеу. Отандық өндірушілердің шығарған тауарын тұтыну көле­мін арттыру мақсатында наси­хаттау жұмыстарын күшейту.

Өндіріске жан бітіру қажет

Биылғы 5 айдың ішінде ет өндірісі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,3%, сүт өндірісі 2,2%, жұмыртқа өндірісі 13,8% есе­ленді. 2014 жылы сүтті қайта өңдеу үлесі 40%, ет бойынша көрсеткіш 33 пайызды құраған. Сырттан дорбаланатын ақтың көлемі соңғы 4 жылда 16% төмендеді. Өзге елдерден жеткізілетін еттің деңгейі де құлдилаған. Министрлік өкіл­дерінің пайымынша, бүгінде төрт түліктің өнімін саудала­уға тосқауыл жоқ. Түйіткілдер өндіріске қатысты туындай­тын көрінеді. Өңдеу кәсіпо­рындарының қауқары әлі де толық кәдеге жаратылмайды. Мәселен, етті қайта өңдеу кешендері шамамен 86 пайызға жүктелген. Сапалы шикізаттың тапшылығы да атқамінерлерді күйіндіріп отыр. Бұл бағытта өткен жылы жаңа бағдарла­малар өмірге жолдама алған. Шопан ата тұқымын көбейтуге серпін беретін «Алтын асық» бойынша 250 мың аналық қойды несиелеу белгіленген. Бірақ өңірлер жоспардың тек 15 пайызын орындап, 37 мың бас аша тұяқ сатып алынған. Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары көш соңына ілескен. Аталған өңі­рлерде көрсеткіш 5 пайыз­дан аспайды. «Құлан» бағ­дарламасы бойынша д а нәтиже мәз емес. Өткен жылы 25 мың жылқы сатып алу қарастырылған. Тек іс жүзінде оның тең жартысы ғана жүзеге асты. Кей өңірлер жоспардытым асыра көрсеткенге ұқсайды. Бұл ретте игерілмеген қаражат белсенді облыстарға бағытталуы ықтимал. Бордақылау алаңдарының ахуалы да көңілді күпті етеді. Олардың әлеуеті әлі де толық кәдеге жаратылмайды. Соңғы 4 жылда 193 бордақылау алаң­дары ашылған. Ол алаңдар 18,7 мың малға арналған. Бірақ бүгінде ірі экспорттық бағыт­тағы 13 алаң тек 40 пайызға ғана жүктелген. 53 мыңның орнына онда 20 мың ірі қара бар.

Венера Мұстафина

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы