Мал шаруашылығы мен кооператив құруға 6% аспайтын несие беріледі

Шағын несие беру бағдарламасын қаржыландыруға 62 миллиард теңге бөлінді.

 

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Елбасының ауылды жерлер мен қалаларда шағын несие беруді көбейтуге бағытталған төртінші бастамасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, бүгінде шағын несие беруді көбейту 2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімді тетігі ретінде саналады.

Фото: ©tombock1 / pixabay.com
Фото: ©tombock1 / pixabay.com

2018 жылы бекітілген бюджетте шағын несие беру бағдарламасына жалпы — 42 млрд теңге, оның ішінде ауылдық жерлерге — 31 млрд теңге және қалалар мен моноқалалар үшін — 11 млрд теңге қарастырылған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаржыландыру 20 млрд теңгеге ұлғайтылып, биылғы жылы 62 млрд теңгені құрайды», — деді М. Әбілқасымова.

Шағын несие берудің сапалы әсерін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ соңғы қарыз алушыға қаражат жеткізуді уақытылы жоспарлау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қосымша бөлінетін 20 млрд теңгеден ауылдар мен шағын қалалардағы несиелендіруге шамамен 14 млрд теңгені бөлуді ұсынды. Осы соманың 10 млрд теңгесін ауыл шаруашылығының ірі қайта өңдеу кәсіпорындары маңындағы «зәкірлік» кооперация жобаларын іске асыруға бағыттау ұсынылады. Қалған 6 млрд теңгені қалалар мен моноқалалардағы несиелендіруге жұмсау ұсынылады.

М. Әбілқасымованың айтуынша, бизнес-жобаларды қорғау және шағын несиелерді алу үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар алдымен «Бастау–Бизнес» жобасы бойынша оқуы керек. Қосымша бөлінетін қаражатты ескере отырып, кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жалпы трансферттер есебінен кем дегенде 1,2 млрд теңге бөлу ұсынылады.

«Соңғы қарыз алушыға несие қаражатын жылдамырақ жеткізу үшін, осы жылдың наурыз айының соңына дейін бұған дейін бөлінген қаражат бойынша үшжақты несиелік келісімдерге қол қоюды қамтамасыз етіп, шағын несие беруді дереу бастау қажет. Сәуір айының соңына дейін қосымша бөлінетін қаражат бойынша үшжақты несиелік келісімдерге қол қою керек», — деді М. Әбілқасымова.

Сондай-ақ, министр халықты шағын несиемен көбірек қамту мақсатында, қала мен ауыл үшін несие берудің лимиттерін қайта қарауды және шағын несиелерді соңғы тұтынушыға жеткізу тетіктерін пысықтауды ұсынды.

«Жеңілдікті шағын несиелер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жобаларына – 7 жылға дейін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% аспайтындай етіп беріледі. Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, Бағдарлама қатысушылары несиелік міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету түрінде кепілдік алуға құқылы. Жалпы, ұсынылған тетіктерді жүзеге асыру үшін Бағдарламаға, сондай-ақ қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несие беру ережелеріне өзгерістер енгізіледі», — деп түйіндеді М. Әбілқасымова.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында әлеуметтік жаңғыруға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын жариялады. Аталған бастамалар тұрғын-үй, білім беру, бизнес және газбен қамтамасыз ету салаларын қамтиды.

Дерек көзі: primeminister.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы