Қызылорда облысында сексеуіл саудасы қызып тұр

Бүгінде сексеуіл ағаштарын кесуге де, сатуға да заңмен тыйым салынған. Алайда орман отап, пайда табатындар алқаптарға балта сілтеуден әлі тайынар емес. Себебі қызыл шоғының қызуы зор өсімдіктің өтімділігі жоғары, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қызылорда облысының тәртіп сақшылары өткен жылы сексеуіл саудалау бойынша 50-ге жуық іс қозғаса, табиғат қорғаушылар мемлекеттік орман қорына зиян келтірген 40 шақты деректі анықтады. Аймақтың құм көшкінінен қорғаныштық қалқаны саналатын сексеуілді аяусыз кесіп, сату жағдайлары заңмен шектелсе де, әсте тоқтайтын түрі жоқ. Кафе, дүңгіршек, жеке сауда орындарында жасырын саудаланады. Оған осы рейд барысында көз жеткіздік. Қара базарда 5-6 сексеуіл сүрегі салынған әр қаптың құны 500 теңге шамасында. Полиция қызметкерлері ескерту парақшаларын таратып, ұсталғандарын жазаға тартқанымен, заңсыз отын сату бизнесінен бас тартушылар азаймай отыр.

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото

Жолдас Өтепбергенов, ЖПҚ табиғат қорғау полициясы бөлімінің инспекторы: – 2017 жылдың басынан заңсыз сексеуіл сындырған 47 дерек анықталып, ол бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті процессуалдық шешімдер тапты.

Баз біреулер тәртіпке бас имей, тек пайда ойласа, орман шаруашылығы қызметкерлері өсімдік қорын молайтумен әлек. 1990 жылдардың басында 54 мың гектар жерге сексеуіл егу басталған. Қаржы тапшылығынан ол іс аяқсыз қалып, тек 2002 жылы қайта жалғасты. Бұл ретте халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылған жобалар жемісін беріп отыр.

Айбек Жоламанов, «Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ бас маманы: – 2008-2014 жылдар аралығында Қазақстан ормандарын сақтау және өсімдік қорын молайту жобасы жүрді. Дүниежүзілік Даму банк қолдауы есебінен 57 мың га сексеуіл егілген. 2017 жылы орман шаруашылығы мекемелерімен 10700 га сексеуіл екпелері егілді, оның 5 мың га Арал теңіз ұлтанына егілді.

Сексеуілді сатқандар 200 ден 300 айлық есептік көрсеткіш шамасында айыппұл салынып, 75 тәуліктік әкімшілік қамаққа алынады. Сонда да аймақтағы 2,7 млн гектар сексеуіл алқабын қорғаушы орманшыларға тыныштық жоқ. Өйткені айналаны ашкөздене торуылдап, түн жортып, балтасын ағашқа кезенетіндерге тоқтам болмай тұр.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы