Қазақстанның мақсары майы Жапонияға экспортқа шығарылды

«Kaz-Ir AGRO» ЖШС алғаш рет 37,3 тонна көлемінде мақсары майын Жапонияға жөнелтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Kaz-Ir AGRO» ЖШС – Қазақстан тарихындағы Жапонияға азық-түлік өнімдерін жеткізетін, мақсары өсіруге, сондай-ақ салқындай сығылған, тазартылмаған мақсары майын өндіруге мамандандырылған алғашқы компания.

Иллюстративное фото из открытых источников

Жапонияға мақсары майын экспорттау туралы келісімшартты Қазақстандық экспорттаушы ағымдағы жылдың маусым айында жасады. «KazakhExport» ЭСК» АҚ «Қарызды сақтандыру» өнімі бойынша 200 000 000 теңге сомасына сақтандыру қорғанысын беру арқылы қолдау көрсетті, соның нәтижесінде «Kaz-Ir AGRO» ЖШС Аграрлық несие корпорациясында шикізат (мақсары) сатып алуға кредит желісін тартты.

Жапония – технологияны қатаң сақтап, өндірістің сапасын жіті қадағалаумен бүкіл әлемге танымал болған сапа елі. Қазақстандық экспорттаушы 6 ай бойы сапаны растауға, мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестікке жүргізілген зертханалық талдаулар бойынша мұқият тексеруден өтті.

«Kaz-Ir AGRO» үшін Жапониямен ынтымақтасу – ірі тұтынушылар нарығына шығуға мүмкіндік. Қазіргі сәтте компания Нидерландқа Мақсары майын жеткізу бойынша жылдық келісімшартты жасау жөнінде келіссөздер жүргізуде.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпорын 400 тонна көлеміндегі өнімді экспортқа шығарды. Мақсары майы Қытай, Чехия, Жапония, Ресей және Өзбекстан елдеріне экспортталады.

Биылғы жылы «Kaz-Ir AGRO» ЖШС өзінің 11 жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде компания Қазақстандағы, сондай-ақ шетелдегі серіктестері мен клиенттерінің сенімін жаулап алған.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы