•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 332

    Қазақстанның АӨК Экспорттық орталығы Европа нарығына шықты

    30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Варшавада (Польша) Екінші халықаралық орталық ауылшаруашылығы көрмесі өтті. Бұл шараның мақсаты агроөнеркәсіптік нарықта жұмыс істейтін поляк кәсіпкерлерінің шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасуына жағдай жасау, сауда және инвестициялық ынтымақтастықтың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін көрсету болды, деп ҚР АШМ баспасөз қызметі.

    Көрмеге Украина, Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Түркия, Бразилия, Аргентина, Кения, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропа, Азия және Африка сияқты 20-дан астам елдің кәсіпкерлері қатысты.

    Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

    Фото: ҚР АШМ Баспасөз қызметі

    Халықаралық көрмеде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК АҚ «АӨК-нің экспорттық орталығының» тұсаукесерін өткізді. Айта кету керек, аталған экспорттық орталықты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту жөнінде берілген тапсырмасына сәйкес құрған болатын.

    Тұсаукесер Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері мен әлеуетін көрсететін Қазақстанның ауылшаруашылығы өнімдерін Еуропаның сыртқы нарықтарына және Польша нарығына шығару мақсатында ұсынылған қазақстан-поляк бизнес-форумы аясында өтті.

    Көрмеде «АӨК-нің экспорттық орталығы» зығыр тұқымдары, қыша, рапс, күнбағыс, қатты және жұмсақ бидай, соя, жасымық, арпа сияқты өсімдіктердің үлгілерін ұсынды. Зығыр мен қыша майы Польша кәсіпкерлерінің ерекше қызығушылығын тудырды.

    Иллюстративное фото

    Иллюстративное фото

    Тұсаукесер қорытындысы бойынша 2018 жылдың аяғына дейін «АӨК экспорттау орталығы» мен «Польша-Қазақстан ауыл шаруашылығы кластері» арасында 10 мың тонна зығыр тұқымын және 2 мың тонна қыша тұқымын жеткізу туралы келісімге қол қойылды.

    Бұл келісім Қазақстан мен Польшаның ауыл шаруашылығы саласындағы жемісті ынтымақтастығына сөзсз оң әсерін тигізеді және еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады.

     

    Опубликовано 05.12.2017

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Copy This Password *

    * Type Or Paste Password Here *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Какая деятельность в сфере сельского хозяйства (вашей области) особенно подвержена коррупционным проявлениям?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -20°
      -27°
      Вт
      -23°
      Ср
      -21°
      Чт
      -15°
      Пт
      -11°
      Сб
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Агро каталог Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian