Ерлан Қошанов: Жерді игере алатын адамға ғана береміз

«Ауыл шаруашылығы біздің негізгі ресурсымыз. Бірақ оның әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай отыр».

Фото: ©www_slon_pics / pixabay.com
Фото: ©www_slon_pics / pixabay.com

Бұл мемлекет басшысының жолдауда айтқан сөзі. Қазір Қарағанды облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған 28 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұдан бөлек, суармалы жерлерді қалпына келтіріп, бос жатқан алқаптарды нарықтық айналымға қосу жұмыстары қолға алынған. Президент жолдауындағы осы және өзге де міндеттер Қарағанды облысының актив жиынында талқыланды.

«Қазір аймақ экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі небәрі 4%-ті құрайды. Бұл өте аз, сондықтан кенже қалған салаға келешекте көптеп инвестиция тарту керек», – деді өңір басшысы Ерлан Қошанов облыс активімен өткен жиында. Қазір осы бағытта 28 жоба жүзеге асып жатыр. Әсіресе, бос жатқан алқаптарды нарықтық айналымға енгізу жұмысын жандандыру қажет. Мәселен, соңғы екі жыл ішінде қараусыз қурап қалған 1 милион 200 мың гектар жердің 681 мыңы игерілген.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

– Жерді ешкім босқа ұстап отырмау керек. Пайдалана алмай отыр ма, қайтарып аламыз. Игере алатын адамға береміз. Сонда ғана отандық агроөнеркәсіп кешенінің бойына қан жүгіреді. Сондықтан жерді пайдаланушылар мен жер телімдері меншік иелері тарапынан келісімшарт міндеттемелерінің орындалуына бақылауды күшейтеміз. Бұл бағытта біз облыстық прокуратурамен бірге үлкен жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Биыл Қарағанды облысында 28 мың гектар суармалы алқап қалпына келтірілмек. Қазір өкінішке қарай, қолда бар жердің тек 27%-і ғана игеріліп отыр. Игорь Жабяк – өңірдегі картоп егетін ең ірі шаруашылықтың жетекшісі. Биыл ол суармалы жердің көлемін 400 гектарға ұлғайтып, мол өнім жинаған.

Игорь Жабяк, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Ресей, Беларусь, Украина, Армения және Қырғызстан елдерінде суармалы жерлерді қалпына келтіруге мемлекет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмейді. Ал Қазақстанда үлкен қолдау бар. Кеткен шығынның 50%ін мемлекет қайтарады, яғни субсидия төлейді. Сондықтан Үкімет тарапынан беріліп отырған бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз керек.

Облыс активімен өткен жиында жолдауда көрсетілген өзге де мәселелер талқыланды. Айталық, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қазір 26 жоба қолға алынған. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті, білім мен медицинаны дамыту жұмыстары пысықталды.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы