•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 1 169

    Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы 155 млн теңгеге дейін өсті

    «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асырып жатқан «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүтті мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн теңге ала алады. Қуаттылығы 100 мал басына арналған отбасылық тауарлы сүт фермалары мал, жабдықтар мен техниканы сатып алады. Сондай-ақ, мал азық, жанармай сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге қажетті айналым капиталын толықтыруға мүмкіндік бар, Agroinfo.kz «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

    Ақпан айында Қор «Ырыс» бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттарын өзгертуге шешім қабылдады.

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    Фото: пресс-служба АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства»

    - Әлеуетті қарыз алушы ала алатын сома 85 миллионнан 155 миллион теңгеге дейін көтерілді, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментінің директоры Геррард Бааль. – Сонымен қатар, несие мерзімі 12 жылға дейін ұзартылды, бұрын несиелер 10 жылға берілетін. Мал, техника мен жабдықты сатып алу бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16 % құрайды, жылына 10 % мемлекет субсидияланады. Тиімді мөлшерлеме жылына 6,4 %-дан басталады.

    Бұдан басқа, «Ырыс» бағдарламасының кепілдікпен қамту талаптары өзгерді. Бұрын кепілдікке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі қойылатын болса, қазір кепілге болашақта несие қаржысынан сатып алынатын мүлік – мал, техника, құрал-жабдықтар алынады.

    Кепілдік құрылымы келесідей болуы мүмкін: 25 %-на дейін қолданыстағы жылжымайтын мүлік ұсынылуы тиіс. Қалғаны – несиелік қаражаттан сатып алатын мүлікпен қамтамасыз етілуі мүмкін.

    Бағдарлама басталғаннан бері Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттады. Несиелік қаражаттың көмегімен сүт бағытындағы 8 703 мал басы сатып алынды.

    «Ырыс» бағдарламасы бойынша кеңес алу үшін облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Семей қалаларында орналасқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалдары мамандарымен байланысу қажет.

    Сонымен қатар, 8 800 080 3505 тікелей желі бойынша қоңырау шалу арқылы алдын-ала кеңес ала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау тегін). Қосымша ақпаратты www.kazagro.kz/web/fond сайтынан алуға болады.

    Опубликовано 01.03.2019

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
    • Архивы

    • Опрос

      Как вы относитесь к промышленному выращиванию генно-модифицированных культур?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      13°
      16°
      Пт
      14°
      Сб
      23°
      Вс
      22°
      Пн
      25°
      Вт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39