Заңсыз жер қойнауын қазушылар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Астана, BAQ.KZ. Қарағанды облысында кәсіпкерлердің шағымдарынан соң «заңсыз қазушылармен» күрес үдетілді. Жер қойнауын ұрлаушыларға қарсы 8 қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар жиырмадан астам материалдар шешім қабылдау үшін полиция мен Экология департаментіне жіберілген. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл мәселе мамырда облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Комиссида көтерілген болатын. Содан кейін билік өкілдері жұмыс тобын құрған, оның құрамына құқық қорғау және күш органдары мен жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері енген.

Фото: ©Didgeman / pixabay.com
Фото: ©Didgeman / pixabay.com

«Біз жалпыға тараған пайдалы қазбаларды заңсыз түрде қазудың алдын алу үшін Жол картасын құрған болатынбыз. Ауылдық әкімдіктер мен учаскелік инспекторлардан бастап барлық мемлекеттік органдар бұл бағытта жұмыстарын үдетті. Рейдтердің нәтижесінде маусымнан бастап заңсыз жер қойнауын қазудың 30 дерегі тіркелген», – деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров инвестицияларды жұмылдыру және аймақтың инвестициялық климатын жақсарту бойынша Кеңес пен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Комиссияның бірлескен отырысында.

Қылмыстың аумағы кең: Жезқазғаннан бастап Нұра ауданына дейін. Ең көп деректер Бұқар жырау ауданында тіркелген – 10.

Сегіз факті бойынша ҚР ҚК 334 бабы «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша қылмыстық істер қозғалды. Бұл қылмыс үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе үлкен айыппұл қарастырылған – келтірілген шығынға байланысты 3000 айлық көрсеткіш көлемінде.

«Біздің шағымдарымыз еленіп, әрекеттер жасалды. Енді қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Ашық және арсыз түрде үлкен көлемде экскаваторлар мен жүк тиеуші техниканы қолдана отырып, жер қойнауын тонау деректері жоқ», – деді кәсіпкер Александр Кику.

Оның айтуынша, аймағымызда құм-қиыршық тас қоспасына сұраныс 60%-ға өскен. Ол құрылыс науқаны қарқындырақ болуымен байланысты. Заңсызбәсекелестікті жою барлығына тең оң әсерін етуде. Заңды жер қойнауын пайдаланушылар нарықта басымдылыққа ие болды, ал мемлекет – қосымша салық жинақтарына ие болып отыр.

Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл жұмысты жүйелі түрде әлі де жалғастыруды тапсырды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы