ШҚО-да банкрот болған қожалықтың бұрынғы иесі сотта таласып жүр

Шығыста шаруалар соттың табалдырығын тоздырып жүр. Ұлан ауданы Сағыр ауылында банкрот болған шаруашылықты өскемендік қарапайым тұрғын сатып алады. Қора салып, мал жинап, толық инфрақұрлым жүйесін де тартады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: pixabay.com

Алайда арада 4 жыл өткенде сол жердің бұрынғы иесі «шаруашылық заңсыз саудаға шығарылды» деп, мүлік пен жерді аукционға қойған сот орындаушыларын сотқа берген. Енді қожалықтың бұрынғы иесі мен сот орындаушылар арасындағы даудың кесірін шаруашылықтың қазіргі қожайыны тартып отыр.

– Қаңтардың 25-інде 2017 жылы аукцион арқылы сатып алғанбыз. Ол кезде төбесі болмаған қораның. Соған қанша қаражат салдық.

Қанша қаражат салғанын шаруашылқтың қазіргі иелері 4 жылдан бері дәлелдеумен әлек. Тек бұзылған үй мен қирған қораны жөндеп қалпына келтіруге 15 миллион теңге жұмсаған. Біртіндеп мал басын көбейте бастағанда шаруашылықтың бұрынғы иесі қожалықты банкрот деп танып, оны аукционға шығарған сот орындаушыларының өзін сотқа береді. Енді тараптардың тартысынан шаруашылықтың қазіргі иесі зардап шегіп отыр.

Айнұр Өркенова, шаруашылықтың іс жүргізушісі:

– Ары қарай жұмыс істейміз ба, істемейміз ба? Осыны білмей отырмыз. Енді біздің кінәміз қанша? Аукционда өттік. Сатып алдық басқа адамдар жасаған құжаттарды дұрыс жасады ма, дұрыс жасаған жоқ па? Оның біздің кінәміз қанша? Біз ешкімнен тартып тартып алған жоқпыз.

Аукцион арқылы сатып алдық. Аукцион арқылы сатып алып қожалықты заңды құрғанын соттың бәрін де дәлелдеген. Бүгінге дейін атқарған жұмысын да көрсеткен.

Тұрахмет Өркенов, шаруашылық жетекшісі:

– Екі жүз, үш жүз метрдей баған қойып тоқ апардық. Жоқ болатын. Су тарттық. Қаншама еңбек кетті біздің мен өзім зейнетақыға шыққанда, зейнетақымды алып осыған қаражатым бәрін салдым. Енді білмеймін біздікі бәрі дұрыс дейді.

Бәрі дұрыс екенін сот та айтып отыр.Алайда бұрынғы шаруашылық банкрот болғаны туралы сот шешімінен соң 10 күн өткенде ғана саудаға шығаруы тиіс екен. Алайда сот орындаушылары 5 күннен соң бірден аукционға қояды. Сондықтан бұрынғы қожалық иесі жер мен мүлік заңсыз саудаға шығарылғанын алға тартқан. Алайда бұған дейін өткен сот таңдауларында оның шағымы қанағаттандырылмаған.

Айжан Слямбаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:

– Соттың 2020 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен талап қанағттандырусыз қалдырылды. Сот шешімі бүгінгі күнге дейін заңды күшіне енбегендіктен бұл іс бойынша қандай да бір түсніктеме әзірге берілмейді. Жалпы шығыста шаруашылық жүргізуде жер мен мүлік дауына қатысты 288 арыз-шығым түскен. Кейбір шаруалар мемлекеттен берген субсидияны қайта қайтарып жатыр.

Сағындық Сапаров шаруашлығына күннен қуат алатын панелдер орнатып, 2 920 000 теңге субсидия алған. Бірақ арада жыл өткенде демеу қаржы артық төгенгені және оны қайрату туралы ауылшаруашлығы басқармасына хат келді.

Сағындық Сапаров, шаруашылық жетекшісі:

– 480 мың теңге артық кетіп қалыпты дейді. Келісімшартта 3 мөр басылған, осылай қол қойып өздері берген. Енді осыны қайта бұзып жатыр. Осы дұрыс па?

Дұрыс берілмеген субсидияны қайтару туралы хат шығыста 13 шаруашылыққа жолданған.

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН СУБСИДИЯ
2018-2020 ж.

Жалпы:
33 іс қозғалған
8 іс сотқа
жолданған
12 тұлға қылмыстық жауапқа тартылған
13 іс қысқарған
114 миллион теңге шығын келген
76 миллион теңге қайтарылған

Жалпы соңғы үш жылда аймақта субсидияны алу беруге қатысты экономикалық тергеу департаменті 33 қылмыстық іс қозғаған. Ал Қызылтас қыстағындағы таласқа түскен шауашылық туралы сот әлі ұзаққа созылатын түрі бар.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы