Сот орындаушылары астық компаниясынан 200 млн-нан аса қарызды өндіріп алды

СҚО-ның сот орындаушылары астық компаниясынан жалақы бойынша екі жүз миллион теңгеден астам қарызды өндіріп алды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иллюстративное фото: из открытых источников

– Солтүстік Қазақстан облысының сот орындаушылары 15-29 қыркүйек аралығында өткізілген акция аясында ұзақ уақыт бойы өздеріне тиесілі қарыздарын алмаған 450 қызметкердің пайдасына 210 703 689 теңге көлемінде жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алды, – делінген хабарламада. 

Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек Солтүстік Қазақстан облысының астық өндіру және сату нарығында жұмыс істейтін «Қазэкспортастық» компаниялар тобының егіс және егін жинау қызметі кезеңінде қалыптасқан. Осылайша, жұмыс берушілер өз қызметкерлерімен заңды тұлғалардың шоттарына түскен, есептен шығарылған және өндіріп алушыларға аударылған қаражатты толығымен төледі.

Жыл басынан бері облыстың сот орындаушылары аталған санаттағы 2000 атқарушылық іс жүргізу бойынша 700 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алды.

Дереккөзі: Baq.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы