Сарапшылар балық шаруашылығы мен акваөсірудің климат өзгерісі жағдайындағы сын-тегеуріндері туралы CACFish вебинарына қатысты

Балық аулау мен акваөсіру дамуы соңғы онжылдықта қарқындап келеді, 2018 жылы жаһандық балық өндірісі 179 млн тоннаға дейін жеткені есептеліп, оның саудасы мен тұтыну көлемі де артқан. Жақында жарияланған ФАО баяндамасына сәйкес, саны ұлғайып келе жатқан халықтың тамақтануы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғана емес, сонымен қатар, әлемдегі 60 миллионға жуық адамның тіршілік көзі ретіндегі де саланың рөлі аса маңызды, «АгроИнфо» АА «ФАО-ның Орталық Азиядағы» баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: ©JamesHills / pixabay.com

Алайда, теңіз суының қышқылдануы, теңіз температурасы мен айналым сипатының өзгеруі, экстремалды құбылыстардың жиілігі мен күрделілігінің артуы, және теңіз деңгейінің көтерілуі мен бұған байланысты экологиялық ахуал нәтижесінде туындаған климат өзгерістері балық аулау өндірісіне едәуір ықпалын тигізеді деп күтілуде.

Бұл мәселелердің шешімін табу және ұлттық тәжірибемен бөлісу мақсатында, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан мен ФАО сарапшылары бүгін балық шаруашылығы мен акваөсірудегі климат өзгерістеріне бейімделу туралы екі күндік вебинардың алғашқы күніне жиналды. Вебинарға ФАО балық аулау бойынша аға маманы Хайдар Ферсой жетекшілік етеді.

Іс-шара Түркия, Стамбұлдағы зерттеу орталығы – Босфор Университетінің Климат өзгерістері мен саяси зерттеулер Орталығымен бірлесе қолға алынған Орталық Азия, Әзірбайжан мен Түркияда балық шаруашылығы мен акваөсіруді тұрақты басқару бойынша жаңа жоба (FISHCap) аясында өткізіліп жатыр. Жоба Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бойынша ФАО-Түркия әріптестік бағдарламасы аясында Түркия үкіметі тарапынан қаржыландырылады.

Вебинардың мақсаты – Орталық Азия мен Кавказдағы акваөсіру мен балық аулаудың жағдайына және климат өзгерістерінің салаға тигізген әсеріне шолу жасау, сонымен қатар қазіргі ахуалға бейімделу және зардаптарды бәсеңдету бойынша ықтимал шараларды талқылау. Шараға үкімет мүшелері, балық шаруашылығы мен акваөсіруді басқару саласында шешім қабылдаушы тұлғалар, климат өзгерістерімен айналысатын зерттеушілер мен ғалымдар, сондай-ақ балық өсірушілер мен балықшы/балық өсіруші ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Климат өзгерістері балықты азықтандыру, оның миграциясы мен көбеюіне әсер етіп, бұл, өз кезегінде, балық популяциясының өсімі, өлім-жітімі мен өсіп-өнуіне де ықпалын тигізеді», – дейді Ферсой. – «Бұл өзгерістер кешені халықтың мақсатты топтарының мекендеу ортасы мен тамақтану желілеріне, шығындары мен өнімділігіне, сондай-ақ балықшы қауымдастықтардың тіршілік көздері мен қауіпсіздігіне де жанама әсерін тигізеді».

Өзгеріп келе жатқан климаттың акваөсіруге тигізген зардабы қатарына су аурулары мен судағы паразиттер санының артуын, зиянды балдырлар гүлденуін, сонымен қатар су тасқыны сияқты экстремалды құбылыстар нәтижесінде өндіріс пен инфрақұрылым ысыраптарын жатқызуға болады.

«Осылайша, балық аулау, акваөсіру мен оларға тәуелді қауымдастықтар климат өзгерісі салдарының алдыңғы шебінде тұр, себебі бұл балық өнімі қорларының болуы мен өнімді сатудағы елеулі өзгерістерге әкеп соқтырады. Әсіресе салаға тәуелді елдерде бұның елеулі геосаяси және экономикалық салдары болуы ықтимал», – деп баяндайды Ферсой. – «Зардаптарды бәсеңдету мен жағдайға бейімделу бойынша ынтымақтасып күш жұмсауымыз керек».

Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы бойынша ФАО-Түркия әріптестік бағдарламасы туралы

2006 жылы негізі қаланған Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы бойынша ФАО-Түркия әріптестік бағдарламасы ұлттық, көпұлттық және субаймақтық деңгейдегі жобалар арқылы Орталық Азия мен Кавказдағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ауылдық жерлердегі кедейлікпен күресуге бағытталған.

Бүгінгі күні бағдарлама мемлекеттерге азық-түлік қауіпсіздігі, тағам қауіпсіздігі, ауылдық жерлерді дамыту, табиғат ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстарын ұтымды пайдалану салаларында қолдау көрсетуде. Түркия үкіметі аталмыш бағдарламаның жүзеге асуын 20 миллион АҚШ долларымен қаржыландырып, әріптестіктің келесі бес жылға көзделген екінші кезеңіне өту жөніндегі міндеттемені мойнына алды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы