Сапархан Омаров елімізде ірі қара – 11 млн, қой – 24 млн бастан асатынын болжады

Қазақстанда көкөніс фермерлік шаруашылықтар саны 65 мыңға жетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: stockvault.net

«Етті мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы салаларының даму әлеуеті зор. Мұнда отбасылық фермерлік шаруашылықтар өндіріс моделінің негізі болады. Олар өткізу, оқыту және ветеринарлық қызмет көрсету мәселелерінде бірігеді. Жер үсті және жер асты суларымен қамтамасыз етілген жайылым, ауыл халқы түріндегі еңбек ресурстары сияқты барлық қажетті ресурстар елімізде етті мал шаруашылығы саласын дамыту үшін жеткілікті және саланы инвестициялық тартымды етеді», – деді министр.

Оның айтуынша, етті мал шаруашылығы дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуы малшы фермерлердің жаңа санатын құруға мүмкіндік береді және фермерлік шаруашылықтар санын 20 мыңнан 65 мыңға дейін өсуіне, ірі қара мал санының 7,4 млн бастан 11,2 млн басқа дейін артуына, қой санының 19,1 млн бастан 24,3 млн басқа дейін көбеюіне, сиыр еті мен қой етін өндіру көлемінің 672 мың тоннадан 902 мың тоннаға дейін ұлғаюына ықпал етеді.

«Ауыл тұрғындары үшін 100 мыңнан 325 мыңға дейін жұмыс орындарын қамтамасыз етеді», – деді Сапархан Омаров.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы