Қытайлықтар павлодарлық ет өнімдеріне қызығушылық танытуда

Жергілікті ет өндіруші «Рубиком» ЖШС Қазақстан үшін Қытай нарығының ашылуын күтуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Аталмыш кәсіпорынның коммерциялық директоры Максим Щербаковтың айтуынша, қытайлық кәсіпкерлер павлодарлық компанияның шұжықтары мен шошқа етіне зор қызығушылық танытуда.

«Көрмелердің бірінде қытайлық әріптестерімен кездесу кезінде сол елдің кәсіпкерлері біздің өнімнің сапасын жоғары бағалап, Қытайға импорттауға ынталы екендігін білдірді. Біз де өз өнімімізді Қытайға экспорттауға ниеттіміз. Өйткені, бізге де қытайлық нарық тиімді. Қазіргі кезде сол елдің өкілдерімен сертификация саласында бірлесе жұмыс істеудеміз. Қазақстан Үкіметінің бізге рұқсат бергенін күтудеміз», – дейді Максим Щербаков.

Максим Щербаковтың сөзіне қарағанда, «Рубиком» ЖШС өнімі әзірше Ресейдің Красноярск, Омбы және Новосібір қалаларында саудалануда. Кәсіпорын көршілес елге жылына шамамен 150 тонна өнім тасымалдайды. Дегенмен, «Рубиком» ЖШС ет өнімдерінің сапалы және соған сәйкес арзан болмағанына байланысты, оған ресейлік өнімдермен бәсекелестік қиынға соғуда.

«Біз тұрғындарға етті тұтыну мәдениетін қалыптастыруға тырысудамыз.Біздің пікірімізше, ет таза, сертификатталған болуы тиіс. Онымен қоймай, тұтынушылар ет сатып алғанда сүйексіз, терісіз таза етке ғана ақша төлеуі қажет. Бірте-бірте халық мұндай көзқарастың қауіпсіз болуымен бірге, тиімді екендігін түсіне бастағандай», – дейді Максим Щербаков.

Дереккөзі: baq.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы