Құрама жем өнеркәсібін жолға қою – мал шаруашылығын дамыту тетігі
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында мал және құс азығын өндіретін «АЛиКС» ЖШС-де баспасөз туры өтті. Шарада Министрлік өкілдері, өндіріс мамандары және өзге де қатысушылар болды.
Жыл басынан бері республикамызда 70-тей құрама жем өндіретін өндіріс орындары тіркелген болатын. Оның екеуі Астана қаласында орналасқан.
Статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, соңғы 5 жылда өнім өндіру көлемі ұлғайған. Яғни, 2012 жылы 498 мың тонна болса, 2016 жылы ол көрсеткіш 960 мың тоннаға артып отырғанын айта кетуіміз керек.
Бүгінгі күні мал және құс шаруашылғындағы құрама жемді тұтыну жылына 5 млн тоннаны құрап отыр. Еліміздегі жем-шөп өндіретін зауыттардың қуаты мал шаруашылығы тұтынатын өнімнің 48 пайызын қамтамасыз етеді. Былтырғы жылы отандық өндірістің өнімдерімен шаруашылықты қамтамасыз ету 20 пайызды құрады.
2021 жылға қарай еліміздегі құрама жем өндіруді жылына 1 миллионнан 2,5 милионнан тоннаға арттыру көзделіп отыр.
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мелекеттік бағдарламасы мал азығын өндіретін өндірістерді дамытуға келесідей көмек көрсетеді:
– ауыл шаруашылығы кооперативтері мен жем-шөп өндіретін зауыттар мал ұстайтындарға құрама жемді арзан бағамен береді;
-мал жейтін жем-шөпке кететін шығынды 50 пайызға дейін азайтады.
Субсидия беру тәртібі мен шарты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылығы 27-қаңтардағы №30 бұйрығы бойынша жүргізіледі», – деп атап өтті өз сөзінде ҚР Ауыл шаруашылығы миинстрлігі, Өсімдік шаруашылығыөнімінқайта өңдеу басқармасының басшысы Бижігітова Гүлнәр Бексұлтанқызы.
Құрама жем өнеркәсібін жолға қою – мал шаруашылығын дамыту тетігі. ҚР Ауыл шаруашылығы миинстрлігі бұл ретте құрама жем өндірісін арттыру және қажетті өнімдерді экспорттау мақсатында арпа, сұлы, астық жүгерісін егу алқабын ұлғайту жоспарлануда.
Дерек көзі: ҚР АШМ Баспасөз қызметі