ҚР АШМ сәуір айында сәбіз, пияз, орамжапырақ экспортына 500 сертификат бөлді

Сәбіз, пияз, орамжапырақ экспортына арналған фитосанитарлық сертификаттар штатты режимде берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы минстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иллюстративное фото: из открытых источников

Бүгінгі күні фермерлер мен экспорттаушыларға 5 мың тонна пияз экспортына 220 сертификат, 240 тонна сәбіз экспортына 14 сертификат, 7,2 тонна орамжапырақ экспортына 310 фитосанитарлық сертификат берілді. ⠀

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктердің мемлекеттік карантиндік инспекторлары күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Тексеру процедуралары заңнамада белгіленген тәртіппен жүруде, фитосанитариялық жағдайды қарағаннан кейін барлық өтініш иелеріне сертификаттар беріледі. Фитосанитариялық сертификаттарды беру 5 жұмыс күнін, карантиндік сертификаттарды беру – 3 жұмыс күнін алады. ⠀

Пиязды, орамжапырақты, сәбізді және көкөністер мен жемістердің басқа түрлерін (азық-түлік картоптарын қоспағанда) экспорттағысы келетіндер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық аумақтық бөлімшелерінен фитосанитариялық сертификаттар ала алады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы