Ауыл шаруашылығы министрі нан бағасына қатысты болжамын айтты

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасына қатысты болжамын айтты.

Фото: pexels.com
Фото: pexels.com

Ол өз сөзін нақты сандармен келтіріп, бағаның аймақ экономикасына байланысты қалыптасатынын түсіндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір нанның орта бағасы 75-85 теңгеден басталады. «Болжам бойынша баға 80-82 теңгеге барып қалуы керек», – деді министр.

«Нан бағасы шамалы деңгейде ғана өсуі керек. Бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін қазір тұрақтандыру қорынан астық сатып алып жатырмыз. Сонымен қатар әр облыс әкімдігі астық пен ұн сатып алады. Жыл сайын ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік корпорациясы 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатады», – деді кеше Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, баға өңірлерде жергілікті экономикаға байланысты кем дегенде 2-5 теңгеге өседі. Ел бойынша қымбат нан Орал мен Павлодар қалаларында. Артынша Өскемен, Қостанай және Ақтөбе қаласы алғашқы бестікке енген. Шымкент, Атырау, Қызылорда мен Петропавлда нан бағасы 63 пен 70 теңге аралығында саудаланады.

Еске сала кетейік, елде 19 млн тоннадан астам астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құрады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы