Көктөбеге 35-40 мың түп Сиверс алма ағашы отырғызылады
Көктөбеге 35-40 мың Сиверс алма ағашын және «Атакент» аллеясына 3 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
«Биыл күзде жасыл экономика департаменті Алматы аумағына 139 мыңға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 50 мың ағашты өткен сенбіде Мохнатка тауына отырғыздық. Осы сенбіде, 12 қазанда Көктөбе тауына 35-40 мың түп Сиверс алмасы отырғызылады. 19 қазанда «Атакентте» 3 мыңға жуық ағаш отырғызылады. Одан әрі көгалдандыру жалғасады, Атлетикалық ауылда 4 мыңға жуық ағаш, Саялы мөлтек ауданында 2 мың ағаш, Алатау ауданындағы «Алатау» театрының жанында 700 ағаш, Зерделі және Жас қанат ықшам аудандарында тиісінше 700 және 3500 ағаш отырғызылады», – деді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының Жасыл қорды мониторингілеу және басқару бөлімінің басшысы Олжас Жанысбаев.
Сонымен қатар Алматыны 2030 жылға дейін көгалдандыру үшін қалада жаңа саябақтар мен алаңдар ашылмақ.