•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 474

    Түркістан облысында бау-бақшадан өнім аз алынып жатыр

    Түркістан облысында жағдай мәз емес. Жергілікті бағбандардың айтуынша, биыл өнімділік екі есеге дейін азайған. Салдарынан жеміс-жидек бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

    Фото: ©Miguel Ángel Pérez / pixabay.com

    Фото: ©Miguel Ángel Pérez / pixabay.com

    Әлішер Мирзаханов – Жаңа Ихан ауылының тұрғыны. 30 жылдан бері бау шаруашылығымен айналысады. Осыдан 12 жыл бұрын 15 гектар жерге алманың 4 түрін еккен. Содан жыл сайын 50-60 тонна өнім алады. Оны Қарағанды және еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтеді. Биыл да сол дәстүрмен дайын өнімді жүк көлігіне тиеп жатыр. «Бірақ биыл өнім былтырғыдай емес, алма аз салды» дейді бағбан.

    Әлішер Мырзаханов, кәсіпкер:

    - Бір жыл салса, бір жыл салмайды алма. Биыл баудың 40 пайызы ғана салған. Биыл алманың нарқы көтеріңкі болады. Өткен жылы алма көп болып 100-150 теңге болса, биыл 200-250 теңгеден жоғары боп кетіп жатыр. Алма аз биыл. Осы ауылда 4-5 бау болса, менің бауымда ғана алма бар. Басқаларында жоқ. Алма салмады.

    Биыл түлкібастық бағбандар да алмадан аз өнім алатындарын айтып отыр. Оған өздері ерте көктемдегі қолайсыз ауа райын кінәлейды. Мына шаруашылық 188 гектарға алманың фуджи, голден делишес, айдарет, редделишес, семерянка сынды сұрыптарын өсіріп отыр.

    Әкім Нұрлыбаев, агроном:

    - Биыл біз ойлағаннан сәл төменірек болатын боп тұр. Өйткені көктем айларында ауа райының қолайсыздықтарынан осындай мәселе болды. Соның өзінде біз биыл 1,5 мың тонна өнім алуды жоспарлап отырмыз.

    Жергілікті бағбандар биыл жеміс-жидектің аз болуына байланысты алдағы уақытта өңірде өнім бағасы көтерілуі мүмкін екенін алға тартады. Ал облыстық ауыл шаруашылығы саласының мамандары алаңдауға еш негіз жоқ екенін, есесіне биыл қызанақ бағасының арзандағанын айтып отыр. Былтыр келісі 150 теңгеден сатылған қызанақтар қазір базарда 80 теңгеден саудалануда. Өңірде қарқынды бау шаруашылығымен айналысатын бағбандарға инвестициялық субсидия төленеді.

    Сейітжан Әзбергенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының м.а.:

    - Бау шаруашылығы саласын жалпы 2016 жылдан бастап гектарлық субсидия тоқталды. Оның есесіне қазір 1 рет берілетін инвестициялық субсидия шықты. Тамшылатып суғару, көшеті, қадасы, сымы, қондырғыларының бәріне 1 рет субсидия беріледі. 25 пайыз. Ал жеке шаруаларға көшетіне 343 теңгеден субсидия төлеп жатырмыз жеміс дақылдарына. Ал жүзімге 79 теңгеден, яғни сатып алған құнының 50 пайызын төлеп береміз.

    Бүгінге дейін шаруалар көкөністен 765 мың, ал бақша дақылынан 910 мың тонна өнім жинап үлгерген. Дайын өнім еліміздің солтүстік өңірлері мен Ресейге және Литва елдеріне экспортталып жатыр. Жалпы кәсіпкерлер бақша дақылдарын егіп, бау шаруашылығымен айналысуға еш кедергі жоқ екенін жеткізді. Биыл өңір диқандары бақша дақылынан 1 млн 400, көкөністан 900, ал жеміс-жидектен 120 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр. Қазір облыста жеміс-жидек пен жүзімнің көлемі 30 мың гектарға ұлғайған.

     Опубликовано 07.08.2019

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться материалом

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Архивы

    • Опрос

      Как вы относитесь к промышленному выращиванию генно-модифицированных культур?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      31°
      25°
      Пн
      22°
      Вт
      19°
      Ср
      20°
      Чт
      22°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39