Қазақстан алмамен өзін-өзі 50% ғана қамтамасыз етіп отыр

Жыл сайын елімізге 1 млн тоннадан астам жеміс-жидек импортталады екен, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Фото: freeimages.com
Фото: freeimages.com

Басқа басқа, алманың өзін сырттан тасимыз. Отандық алманың үлесі 50 процент ғана. Табиғи жағдай қолайлы, жер де жеткілікті. Бірақ бау-бақша өнімі көбеймей тұр. Осы мәселе бүгін Алматы облысында өткен отандық фермерлер мен тауар өндірушілердің жиынында талқыланды.

Алманың отаны Қазақстан саналса да, еліміз алма экспорты жөнінен әлемде тек 42-орында тұр. Жалпы біздегі алма бақ алқаптарының көлемі 34 мың гектарға жуық. Бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайту үшін сапасы жоғары 3 млн көшет отырғызу керек. Бұл іспен Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институы және жекелеген шаруалар айналысады.

Алмас Садуақас, тілші:

– Талғар таулары бөктеріндегі көлемі 100 гектар болатын осы алмабақта жемістің атасы саналатын апорт биыл мол өнім берді. Әр гектардан 15 тоннаға дейін өнім жиналды. Ал исі мен дәмі тіпті ғажап.

Бағбандар бас қосқан жиында бау-бақша мәселесіне байланысты негізгі проблемалар айтылды. Оның ішінде мемлекеттен бөлінетін субсидия, жеңілдетілген несиелерге қол жеткізу де бар. Мысалы, елімізде жаңғақ өнімдерін өсіру ісі кенжелеп тұр. Оның көлемі 1 мың гекттарға да жетпейді. Сондықтан ағуызы мол нәрлі өнім көбіне сырттан келеді. Бағасы да қымбат. Сол себепті шаруаларға қаржылық қолдау қажет.

Танабай Шынтасов, агроном-кәсіпкер:

– Бізге жеңілдетілген кредит берілген болса, біз Қазақстанға қажетті көшетер шығарып беруге шамамыз келеді. Себебі мамандарымыз бар. Материалды-техникалық базамыз бар. Мысалы, миллион көшет шығару үшін 600 млн теңге ақша керек. Кредит алайын десең, қазіргі кредиттің ең төменгі проценті 14 деп есептейік. Мен 4 жыл көшет дайындаймын. Төрт жылда процент қандай болады? Ол мүмкін емес. Сондықтан осы салаға көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

Қазақстан жерінің 4 пайызы ғана – орман. Ал жеміс ағаштарының көп отырғызылғаны шөлейтті даланы бау-бақшаға айналдырып, одан экологиялық әрі экономиеалық пайда көруге болатыны сөссіз. 2025 жылға қарай елімізде бау-бақшадан жиналатын жеміс-жидек көлемін 420 мың тонна жеткізу жоспары бар. Ол үшін сапасы жоғары көшеттерді таңдап, будандастыру және жерсіндіру мәселесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйену керек дейді мамандар.

 

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы