•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 719

    Павлодар басқа өңірлерді картоппен қамтамасыз етіп отыр

    Астана, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің агроөнеркәсіп кешеніне бөлінген 12 млрд астам теңге қалай жұмсалып жатқаны туралы айтты.

    Фото: freeimages.com

    Фото: freeimages.com

    «Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға биыл 12 млрд астам теңге бөлінді. Мемлекеттің қолдауының арқасында инвестициялар көлемі 1,6 есе артты. Өңірде 35 аграрлық жоба жүзеге асырылды. Егер, ірі жобалар туралы айтар болсақ, «Group KSM» ЖШС сыйымдылығы 37 мың тоннаны құрайтын элеватор, «Гринланд» ЖШС күнбағыс майын өндіретін зауыт құрылысы жүріп, ал, «Андас» шаруа қожалығы 20 мың тонналық көкөніс қоймасын салып жатыр. Сонымен бірге, облыста 11 мың бас малға арналған үш бордақылау алаңы салынуда», – деді өңір басшысы.

    Сондай-ақ, облыс әкімі 720 бас малға арналған екі сүтті-тауарлы ферманың және құрылысы аяқталатынын атап өтті. Оған қоса тағы үш сүтті-тауарлы ферма салынып жатыр.

    «Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуының негізін суармалы алқаптар құрайды. Биыл 4 мың га суармалы алқап іске қосылды. Облыста жиналған дәнді дақылдардың жалпы көлемі 900 мың тоннадан артты. Астықтың орташа шығымдылығы гектарына 12,4 центнерді құрайды. Картоптың жалпы өнімі 7%-ға артты. Павлодарлық картоп еліміздің оңтүстік өңірлері мен жақын шетелге экспортқа шығарылады. Ішкі тұтыну 100 мың тоннаны құраса, біз 517 мың тонна картоп өндіреміз», – деді облыс әкімі Болат Бақауов.

    Еске сала кетсек, осыған дейін облыс әкімі 2019 жылы Павлодарда жаңа “Достық” ауданы құрылысы басталатынын айтқан болатын. Сонымен қатар ол жұмысшылардың жалақысы өсетіні туралы айтқан болатын. Сондай-ақ, Павлодар облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 4,2%-ға, ал экспорттық тауар айналымы екі есеге артқаны айтылды.

    Опубликовано 28.11.2018

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      -6°
      -9°
      Пн
      -9°
      Вт
      -16°
      Ср
      -16°
      Чт
      -22°
      Пт
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian