Қазақстандық ғалымдар дәнді-дақылдардың жаңа сұрпын әзірлеуде

А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары ресейлік әріптестерімен бірлесіп бидай және өзге де ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының жаңа сұрпын әзірлеу үстінде. Бұл туралы аталған орталықтың директоры міндетін атқарушы Бақыт Ерболатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: ©ФАО / Алишер Ахметов

«Біздегі бидайдың жаңа сұрыптары бұзылмайды және ұзақ сақталады. Сондықтан да ауыл шаруашылығы саласында кеңінен танымал. Бүгінде бидайдың «Шортанды- 20/12», «Шортанды – 95 жақсартылған», «Астана» атты жаңа сұрыптары еліміз бойынша 3 млн-нан астам га жерге егілді. Және бұл бидай сұрыптарына сұраныс жоғары. Дегенмен де біз бұл жетістікпен тоқтамай, бидайдың басқа сұрыптарын әзірлеудеміз. Атап айтқанда, «Асыл сапа», «Таймас» атаулы бидайдың жаңа түрі бүгіннің өзінде ауыл шаруашылығында үлкен сұранысқа ие», – деді Б. Ерболатов.

Оның айтуынша, орталық мамандары тек бидай ғана емес, сондай-ақ мал азығы үшін ұзақмерзімді шөптердің де жаңа сұрыптарын әзірлеуді қолға алуда.

«Айтар болсам, судандық «Ника» атаулы шөпті новосібірлік ғалымдармен бірлесіп әзірледік. Бүгінде ол сынақ мерзімінен өтуде. Одан бөлек, жарманың да жаңа сұрыптары бар. Қазіргі уақытта біздің мамандар 140-тан астам ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының жаңа сұрпын дайындап шықты. Оның 60 пайызын бидай түрлері құрайды. Болашақта өз өнімдерімізді сыртқа эспорттауды да жоспарлаудамыз. Бүгінде бұл бағытта ресейлік әріптестерімізбен бірлескен көлемді жұмыстар атқарылуда», – деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін аталған орталықтың нүктелік егіншілік жобасын жүзеге асырып жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы