Қазақстанда картоптың жаңа сұрпы шығарылды

Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымдары Айтмұрат атты картоптың жаңа сұрпын өсірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті хабарлады.

Фото: ElDala.kz

«Ақуыз және нуклеин қышқылдарының зертханасында биология ғылымдарының докторы, профессор Болат Ысқақовтың басшылығымен молекулалық биология мен гендік инженерия әдістерін қолдана отырып, Y-картоп вирусына айтарлықтай төзімді трансгенді картоп сызықтары алынды», – деп хабарлады Комитет.

Аталған бөлім ғалымдары атап өткендей, Y-вирусы егінге айтарлықтай шығын келтіреді. Институт ғалымдары түпнұсқа Невский сұрпына қарағанда картоптың Y-вирусына иммунитеті бар өсімдік жасап шығарды.

Трансгенді картоптың желілері қазірдің өзінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Картоп және көкөніс шаруашылығы институтына сынаққа жіберілді.

«Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, осы гендік жұмыстар негізінде соматикалық ұлпадан жасуша клондарын іріктеу арқылы жаңа картоп Айтмұрат сұрпы алынды. Белгілі қазақстандық ғалым, биология ғылымдарының докторы, Молекулярлық биология және биохимия институттың негізін қалаушы және бірінші директоры Мұрат Айтхожиннің құрметіне аталған бұл жаңа сұрып  Қазақстан Республикасының генофондының каталогына енгізілді», – деп мәлімдеді Комитет.

Дереккөзі: ElDala.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Что чаще всего воруют рабочие вашего сельхозпредприятия?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы