Қазақстанда шай өндіру төмендеді

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 11,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4% төмен. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жыл басынан бері шай мен кофеге деген сұраныстың 73,7% импорт қамтамасыз еткен. Яғни шетелден 25 мың тонна өнім кіргізілген, бұл өткен жылғыға қарағанда 6% жоғары. Өз өніміміз сұраныстың тек 26,3 пайызын ғана жапқан.

“Осы қыркүйек айынан бастап қара шайдың бағасы 5,8% өсіп, бір келісі 3 054,8 теңгені құраған. Бір жыл бұрын бұл баға 2 886,4 теңге шамасында болған”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еліміз бойынша шайдың ең жоғарғы бағасы Алматыда тіркелген, мұнда бір келі шай 3 390 теңге тұрады. Қарағанды мен Қостанай қалаларында да шай бағасы жоғары екені анықталды.

Дереккөзі: baq.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы