«Атамекен» сүт өнімдерін таңбалауға көшу мәселесін көтермек

2019 жыл 16 қаңтар күні ЕАЭО-ның сүт майы алмастырғышын қолданумен өндірілген өнімге қатысты «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жаңа, қатаң талаптары бойынша өтпелі кезең аяқталды. Еуразиялық Экономикалық комиссия үш мүше мемлекет: Қазақстан, Қырғызстан және Арменияның позициясын қолдамады. Бұл мемлекеттер сүт өнімдерін таңбалаудың жаңа қағидаларына тым жедел өтуге қарсылық білдірген болатын (естеріңізге салсақ, мерзім 6 айды құраған), деп хабарлайды  atameken.kz сайты.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Қазақстандық өндірушілер осы кезең ішінде құны 157 млн теңге көлемінде 6 млн данадан астам қаптама материалдарын пайдаланып үлгермеді. Тура осындай жағдай Қырғызстан мен Арменияда да орын алып отыр.

 Көрсетілген деректер өтпелі кезеңді ұзарту қажеттілігін белгілеу мақсатында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықталған және Еуразиялық Экономикалық комиссияға жіберілді.

Ең қызығы техникалық регламенттерді қатаңдауға дейін (2018 жыл 16 шілде) сүттен тұратын өнімді өндірушілер таңбалауда сүт майын алмастырғышы жайында ақпаратты қаптамада белгілейтін.

Дегенмен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған сұрақты жоғары деңгейге шығарып, талқылауға салмақ.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы