Үш ауылда 104 жоба жүзеге асырылады

«Ауыл – ел бесігі» жобасын жандандыру үшін Жамбыл облысына 2 миллиард 770 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар перспективалық 163 ауыл тізімге енген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Иллюстративное фото: turaninfo.kz
Иллюстративное фото: turaninfo.kz

Биылға Байзақ ауданындағы Сарыкемер, Жамбылдағы Аса, Шудағы Төле би ауылдары белгіленген. Бұларда 104 жоба іске асырылмақ.

Бұл жайында Жамбыл облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтып берді.

«4 жоба әлеуметтік нысандардың құрылысына арналса, 100 жоба әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік инфрақұрылымы нысандарын жөндеуге негізделген. Алғашқы 4 жобаға 420 миллион теңге қаралса, 100 жобаның құны 2 миллиард 350 миллион теңгені құрайды. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеуге үшін «Қадамдық іс-шаралар жоспары» құрылды», – деді Г.Жауынбекова.

Басқарма басшысының айтуынша, биылға жоспарланған 3 ауылды жаңғырту барысында жүйеленбей жатқан жұмыс та жетерлік. Мәселен, Шу өңіріндегі Төле би ауылының әмбебап спорттық сауықтыру кешені мен салтанат сарайының құрылысын осы жылы бітіру көзделгенімен, олардың жобалық-сметалық құжаттары мерзімінен кешіктірілген. Осындай олқылықтардың салдарынан 104 жобаның 51-і ғана мемлекеттік сатып алуға жолданыпты.

Жалпы алғанда, жоғарыдағы 104 жобаның 100-і ағымдағы жылғы тамыз бен қазан айлары аралығында пайдалануға берілуі тиіс. 4 жобаның соңы келесі жылдың еншісінде.

«2020 жылы Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов, Жуалы, Сарысу және Талас аудандары аумағындағы 6 ауыл жаңғыртылмақ. Ал 2021 жылы Мойынқұм, Жуалы, Жамбыл, Қордай, Сарысу және Шу аудандарында тағы 6 елді мекеннің ажарын ашуды жоспарлап отырмыз», – дейді Гүлдана Әлімжанқызы.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы