Қазақстан-Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі талқыланды

Бейжің қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссияның 17-отырысы өткізілді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2dddfcc11
Фото: baq.kz

Қазақстан делегациясын Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Громов басқарды.

Бірлескен комиссияның отырысы достық, іскер және конструктивті жағдайда өтті.

Күн тәртібінде қарастырылған мәселелерге сәйкес өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізілді және бірлескен комиссияның 17-отырысы хаттамасына қол қойылды.

“Біз өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастығымызды тереңдетуге ниеттіміз. Жақын арада конструктивті және тату көршілік рухын сақтай отырып, екі мемлекет үшін су бөлу жөніндегі маңызды келісім болады деп үміттенемін. Бұл ҚР мен ҚХР арасындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тең құқықты пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етеді”, – деді вице-министр Громов

Тараптар бірлескен комиссия жұмысы аясында өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттарына негізделген жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыруға келісті.

Дереккөзі: baq.kz

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы