Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 млрд теңгені құраған

Түркістан облысы Төлеби ауданында биыл ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 28 млрд 924,2 млн теңгені құраған. Ал жылдық жоспар бойынша 32 млрд 788 мың теңгенің өнімін өндіру межеленіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников
Иллюстративное фото: из открытых источников

Аудан әкімдігінің мәліметінше, егін шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда биылғы жылы нақты егіс көлемі 65901,3 гектарға жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1309 га артық.

Ал, қарқынды жеміс-жидек егу межесі 175 га орындалған. Оның ішінде қарқынды жүзім 6 гектарға, жаңғақ 42 гектарға егілген. Тамшылатып суғару әдісі бойынша ауданда егіс көлемі биыл 500 гектарға жеткен. Сондай-ақ, қосымша 3 га жерге жылыжай салынған.

Соңғы 5 жылдың көлемінде облыс деңгейінде Төлеби ауданы астық және майлы дақыл өндіру бағытында 1-2 орындардан көрініп келеді. Астық және майлы дақылдардың көлемі өткен жылдарға қарағанда артығымен жиналып отыр.

Мал шаруашылығы бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІҚМ 67,0 мың бас, ұсақ мал 194,8 мың бас, жылқы 30,8 мың бас, құс 264,4 мың басты құраған.

Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда ет 11,0 мың тоннаға, сүт 55,7 мың тоннаға, жұмыртқа 13,8 млн данаға жеткен. Ауданда қымыз өндіру саласының дамуына байланысты қой басы соңғы 4 жылда кеміп, жылқы 8500 басқа артқан болатын. Сол себепті 2018 жылы мемлекеттік қолдау шаралары 48 шаруашылыққа көрсетіліп, 716,8 тонна қымыз өндіргені үшін 78,8 млн теңге субсидияға қол жеткізген. Ал, ағымдағы жылы қосымша 6 шаруашылық қосылып, 54 шаруашылыққа ұлғайған. Қазіргі таңға 888,3 тонна қымыз өндіргені үшін 53,3 млн теңге (субсидиялау бағасы 110 теңгеден 60 теңгеге төмендеуінен) мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы