Қазақстан базарларында жұмыртқа қымбаттап жатыр

Биыл Қазақстанда жұмыртқа қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фото: foodiesfeed.com

Баға шамамен 10-15 процентке өседі деген болжам бар. Оған не себеп? Қазақстан базарларында жұмыртқа қымбаттап жатыр. Оған негізінен екі фактор әсер еткен.

Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы төрағасының айтуынша, өнім бағасы тікелей дәнді дақылдардың құнына тәуелді. Яғни өзіндік құнының 60 проценті осы өнімге байланысты. Өткен жылы елдегі қуаңшылыққа байланысты Қазақстанда өнім аз болғаны белгілі. Әрине бұл бидайдың қымбаттауына әкелді. Сарапшылардың айтуынша, жұмыртқаның қымбаттауына әсер еткен тағы бір фактор мемлекет тарапынан берілетін субсидияның қысқаруы.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 35 құс фабрикасы жұмыс істейді. Олар отандық нарықты жұмыртқамен толық қамтамасыз етеді. Былтыр олар 4 жарым миллиард жұмыртқа өндірді. Шет елдерге 700 миллион жұмыртқа экспортталды. Бұл жалпы өнідірістің 15 процентіне тең.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы