Қарағандыдағы ең ірі диірмен карантиндегі қалаларға ұн жөнелтіп жатыр

Қарағандыдағы ең ірі диірмен тәулік сайын Нұр Сұлтан қаласына 40 тонна, ал Алматы шаһарына 70 тонна ұн жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иллюстративное фото: из открытых источников

Сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерін де қамтамасыз етуде. «Қамбада астық жеткілікті, сондықтан алаңдауға негіз жоқ», – дейді кәсіпкер Дос-Мұқасан Тәукебаев.

Айта кету керек, қазір республикада астық өндіретін 260-қа жуық кәсіпорын бар. Оның 34-і Қарағанды өңірінде орналасқан. Бұл 260 диірмен жылына 12 миллион тонна ұн өндіре алады. Ал Қазақстан халқы бар болғаны жылына 1 миллион 800 мың тонна тұтынады.

Дос-Мұқасан Тәукебаев, Астық өндірушілер қауымдастығының мүшесі:

– Көптеген өсек, қауесеттер жүр, ертең диірмендер тоқтап қалады, аштық болады, ұн болмай қалады, тамақ болмай қалады деген. Оның бәрі өтірік, мен үзілді-кесілді қарсымын. Бізде астық та, ұн да жетеді. Еліміздің тұтынатын бар болғаны жылына 1 миллион 800 тонна астықты біз өте бір қысқа мерзімде жауып бере аламыз.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    От чего в наибольшей степени зависит размер урожая?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы