Қостанай облысында 5,2 млн гектар алқапқа дән себіледі

Биыл Қостанай облысында тыңайтқыштарды қолдану көлемі артады. Өйткені былтыр бюджет қаражатын ұлғайту есебінен өңір аграршылары 45 мың тонна субсидиялық минералды тыңайтқыш алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: andreas160578 / pixabay.com

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, 2019 жылы 391 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғында екі есеге артық.

«2020 жылы 5,2 млн гектар алқапқа дән себіледі. Оның 3 млн 850 мың гектарына дәнді дақылдар егіледі. Ал майлы дақылдар алқабы 700 мың гектарға көбейтіліп отыр. 2015 жылдан бері майлы дақылдар тұқымы экспорты 38% өскен. Қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс өнімділігі 2 есе, ал осы салалағы экспорт 8 есе артқан», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Осы жылы өңірде 50 мың тонна тыңайтқыш сатып алу жоспарланып отыр. Минералды тыңайтқыштарды қолданатын фермерлер үшін жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге субсидия қарастырылған.

«Республика бойынша егіс алқабы 2020 жылы 22,5 млн га құрайды, бұл 2019 жылға қарағанда 237,7 мың гектарға артық. Бұл ретте дәнді және бұршақты дақылдар өткен жылмен салыстырғанда азайған, ал майлы дақылдар керісінше, 122,2 мың га көп. Биыл көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың болжамды көлемі 19,3 мың гектарға, мал азығы 308,6 мың гектарға артық. Қазақстанда егіс науқанын жүргізу үшін 2,47 млн тонна сапалы тұқым дайындалды, оның ішінде дәнді дақылдар – 1,94 млн тонна, майлы дақылдар – 89 мың тонна, жем-шөп 15,7 мың тоннаға жетті», – деді өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов.

Елімізде көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жоспарлы түрде жүргізіледі. Облыс әкімдіктерінің 1 наурыздағы деректері бойынша тракторлардың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындығы 82%-ды құрады.

Егін егу барысында 4 мыңнан астам заманауи жоғары өнімді кешендер пайдаланылады. Олар егіс алқабының 70%-ын егуге көмектеседі.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы