Ғылым мен өндіріс: ықпалдастық орнады ма?

Ауыл шаруашылығы саласының тасын өрге домалату үшін аграрлық ғылымды қамшылау қажет. Ғылыми зерттеулерді өндіріспен ұштастырып, тиімді технологияларды қолданысқа енгізген жөн. Бұл қаншалықты іс жүзінде кәдеге жаратылуда? Аграрлық ғылым мен өндіріс арасында бай­ланыс көпірі орнады ма?

Сурет ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтынан алынды

Қызығушылық бар

Көпшілік аграрлық ғылымның ахуалын сын тезі­не алады. Олардың уәжі – ғылыми зерттеулер нәти­жесі қағаз жүзінде қалады және өндірісте қолданыл­майды. Мұны ғалымдар да мойындайды. Олардың өз бұйымтайы бар. Бар гәп аграрлық ғылым мен өнді­рістің арасында байланыс көпірінің болмауына тіре­летін көрінеді.

– Бүгінде біз 173 сорт пен гибридті мемлекеттік сараптамаға тапсырдық. Бізден көбі, осы 173 сорт неліктен тауар өндіруші­лерге жетпейді, неліктен олар мұны кәдеге жара­тпайды деп, сұрайды. Қаза­қстанда аграрлық ғылым бар. Ғалымдарымыз еңбек етуде. Бірақ өндіріспен байланыс орнатуға болады – мәселе қолбайлауда. Ең бастысы ғылыми әзірле­мелердің агроқұрылым­д ардыңсұранысына бағытталуы және олар­дың қолданысқа енгізі­луі әлі де сылбыр. Себе­бі ғылым саласында инф­рақұрылым жоқ. Ғылы­ми-техникалық жұмыстың нәтижелерін өндіріске жеткізу жұмыстары көңіл көншітпейді, – деп мәсе­ленің жай-жапсарын «Ұлт­тық аграрлық ғылыми-бі­лім беру орталығы» ком­мерциялық емес акционерлік қоғамның басқар­ма төрағасы Төлеутай Рақымбеқов ортаға салды.

Оның айтуынша, қаза­қстандық ауыл шару­ашылығы тауар өндіру­шілері тарапынан аграр­лық ғылымға қызығушылық бар. Негізінен ірі агроқұрылымдар ғалым­дардың зерттеулеріне қолқа салады.

– Шығыс Қазақстанда Фарид Абитаевтың шару­ашылығында бір сиыр орташа алғанда жылына 8100 келі сүт береді. Оған көршілес шаруашылықта бұл көрсеткіш 2700 тоннаға тең. Қарағанды облысында Осакаров ауданында «Най­даровское» деген шаруа қожалығы бар. Онда өткен жылы бидайдың берекелі­гі гектарынан 55 центнер­ді құраған. Оның ауыл­дағы басқа әріптестері гек­тарынан 12-13 тонна астық жинады. Бұл тұқымның, тыңайтқыштың әрі тех­нологиялардың арқасын­да жүзеге асырылды. Оған біздің орталықтағы ғалымдар ғылыми сүйе­мелдеу көрсетті. Бұл тәжі­рибені кеңінен таратуды көздеп отырмыз. Әлем­де фермерлер мен ғалым­дар қоян-қолтық жұмыс істейді, – деп тауар өндір­ушілер мен ғалымдардың ықпалдастығына Төлеу­тай Сатайұлы баса назар аударды.

Ынталандыру қажет

Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін және қай­та өңделген өнімнің экс­портын ұлғайту діттелген. Оған бүгінгі заман талабы­на сәйкес келетін ғылыми зерттеулерсіз қол жеткізу екі талай.

– Басқа салалармен салыстырғанда ауыл шару­ашылығындағы еңбек өнімділігінің қалыпта­суы өзгерек. Мәселен, егер тігінші бүгін 10 көй­лек, ертең 20 көйлек тік­се, оның жұмыс өнімділігі 2 есе артады. Ауыл шаруашылығында комбайн­ның жылдамдығы екі есе артса, бұл өнімділіктің 2 есе артқанын білдірмей­ді. Негізінен бұл көбіне топырақтың құнарлығы­на және малдың өнімділі­гіне тікелей байланысты. Егер бір сиыр орташа алғанда жылына 2700 келі сүт берсе, сауыншы оны тез сауғанымен, сиыр­дың өнімділігі артпайды. Бұл жағдайда еңбек өнім­ділігін заманауи ғылыми технологиялар арқылы арттыруға болады, – деп ғылыми зерттеулердің маңыздылығынаТөлеутай Рақымбеқов тоқталды.

Ізденіс пен талпыныс нәтижеге жетелейтіні мәлім. Алайда тыңғылықты ғылыми зерттеуге екінің бірі бел бумайды. Ғалым­дардың ынтасын ояту үшін «роялти» деген жүйе­ні ендіру қолға алынған. Оған сәйкес ғалым нақты нәтижеге жетіп, өнімділік­ті арттырса, оған ауылша­руашылық тауар өндіруші өзінің табысынан 1-2 пайыз көлемінде сыйақы беруі мүмкін.

– Бұл нақты ізденістегі әрі нәтижеге қол жеткізе­тін ғалымдарды ынталан­дыру үшін қажет. Шынын­да, бізде ғалымдар көп. Бірақ олардың арасында портфель тасумен шекте­летіндері бар, – деп Ұлт­тық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы өзінің ойын білдірді.

Тиімді агротехнологи­ялар енгізілмек

Соңғы жылдары аграр­лық ғылымды дамытуға баса назар аударылып отыр. Ғылыми зерттеулер­ге ел қазынасынан бөлі­нетін қаржы 2 есеге жуық ұлғайтылған. Мәселен, 2015-2017 жылдары 4,2 млрд теңге қарастырылса, 2018-2020 жылдарға 7 млрд теңгеден астам қаражат үлестірілген. Оның аясын­да ғалымдар 36 тақырыпты жан-жақты зерделемек.

– 2017 жылы аграр­лық ғылымды қаржылан­дыру көлемі ауыл шару­ашылығының жалпы өні­мінен 0,1-0,12% құраса, 2018-2019 жылдары Қазақстанда 0,4-0,45% деңгейі­не шықтық». Бұл жақсы көрсеткіш, – дейді Төлеу­тай Рақымбеқов.

Ғалымдар шаруалармен кері байланыс орнатып, олардың басын ауыртып, тамырын сыздатқан мәсе­лелерді анықтамақ. Оның негізінде жаңа техноло­гияларды қалыптастыру, нақты міндеттерді айқын­дау көзделген. Бұл ретте білім тарату орталықтары­на артылатын үміт көп. Мұндай тұңғыш меке­ме 2008 жылы Алматы облысына қарасты Көл­ді ауылында ашылған. Оның арқасында фермерлердің біліктілігін арт­туға мүмкіндік бар. Оларға мамандар үнемі қол ұшын созып, қажетті ақпаратпен бөліседі. Бүгінде аталған орталықтардың саны 22-ге жеткен.

– Ғылыми-зерттеу инсти­туттарының, тәжірибе­лік стансалардың, тәжі­рибелік-өндірістік шару­ашылықтардың негізінде 22 білім тарату орталығы құрылды. Олар замана­уи және тиімді агротех­нологияларды енгізетін орталықтарға айналды. Бұл орталықтарда нәти­желер практикалық түр­де көрсетіліп, бұл ауыл­шаруашылық тауар өнді­рушілер арасында тара­тылады, – деп түсіндірді ҚР Ауыл шаруашылығы бірін­ші вице-министрі Айдар­бек Сапаров.

2024 жылға қарай осы іспетті білім тарату орталықтары аудандық деңгейде де ашылмақ.

Өндірістік тәжірибеге басымдық берілмек

Бүгінде кейінгі толқын өкілдері ғылымға бет бұруға асқан құлшыныс білдір мейді. Жоғары оқу орындарында ауыл шаруашылығын зерде­леген түлектер арасында өз мамандығы бойынша еңбек етуге бекінгендер­дің қатары көп емес. Көбі­не меңгерген кәсіп кәдеге жаратылмай, диплом шаң басып қалады.

– Біздің орталыққа қарасты С. Сейфуллин атындағы қазақ агротех­никалық университеті­нің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-тех­нологиялық университеті­нің дерегі бойынша жалпы түлектердің 75-80 пайызы екі қолға бір күрек тапқан. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүр­гізген талдауына сүйенсек, аталған жоғары оқу орын­дарын тәмамдаған жастар­дың 57,5 пайызы жұмысқа орналасады. Олардың 32% өз мамандығы бойын­ша еңбек етеді. Ал түлек­тердің 12 пайызы жұмысқа орналаспайды. Ақиқат осы 75% және 57,5% деген сан­дардың арасында болар, – деп топшылады Төлеутай Рақымбеков.

Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министр­лігі АӨК дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізбек. Олардың бір парасы ғылымға жас мамандар­ды тартуға, аграрлық ғылым бойынша кадрлық резервті қалыптастыруға, университеттер мен ғылы­ми-зерттеу университетте­рінің материалдық-техни­калық базасын жаңартуға бағытталған.

– Тағы бір мәселе – біз­дің аграрлық универси­теттерді трансформаци­ялап, оларға зерттеу уни­верситетінің мәртебе­сін беру. Бүгінде біздің университеттер өздері­нің жұмысын түбегейлі өзгерткені белгілі. Аграр­лық мамандықтар бойын­ша білім алатын студент­тер өтетін тәжірибенің үле­сі жекелеген мамандықтар бойынша 60% жетіп отыр. Жақында бұл көрсет­кішті 70 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Оның арқасында университет­ті тәмамдаған түлектің практикалық дағдылары көбірек болмақ. Мен өзім 1980 жылдары студент болдым. Сол кезде өндір­істік тәжірибе бір жылда 2 айды немесе 15 пайызды құрайтын. Ал бүгінде өнді­рістік тәжірибеге көп уақыт бөлінеді. Олар тәжі­рибелік шаруашылықтарға бет алады, – деп мәселенің байыбына Ұлттық аграр­лық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы терең бойлады.

Сонымен бірге студент­терді өндіріске тартатын әрі оларға жалақы төлей­тін ірі агроқұрылымдар да бар. Олар білікті жас мамандарды жұмысқа алуға қызығушылық білді­ріп отыр.

– 4 қазанда еліміздің кей­бір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен­ді реттеу бойынша өзге­рістер мен толықтыру­лар енгізу туралы заңға қол қойылды. Оны әзірлеу жұмыстары 2016 жыл­дың күзінде басталғанды. Оның негізінде ҚР 13 кодексіне және 30 жуық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгі­зу қарастырылған. Олар­дың бір парасы аграрлық ғылымды дамытуға бағыт­талған. Мәселен, ауыл­шаруашылық мамандығы бойынша оқыған түлек­тер аграрлық мекемелер­де кемінде 3 жыл еңбек етуі тиіс. Бұған дейін мұн­дай өтеу тетігі тек әлеу­меттік сала қызметкерлері және ветеринарлар үшін қарастырылған, – дейді Төлеутай Сатайұлы.

Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы саласын­дағы жас мамандарға кепілдендірілген жұмысты табуға жол ашады деп күті­луде.

Венера Мұстафина

Мақала «АгроИнфо» газетінің 25.11.2019 ж. №21 (215) жарияланды.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы