•  

    Рубрика: Новости |  Просмотры - 736

    Ақылбек Күрішбаев: Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласында мамандар жетіспейді

    Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Экономиканың нақты секторы үшін мамандар дайындаудағы Университет пен жұмыс берушілердің серіктестігі» тақырыбында Республикалық форум өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

    Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В. К. Божко, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі А. К. Евниев, «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ Басқарма Төрағасы А. Қ. Күрішбаев және 150-ден астам отандық, шетелдік агробизнес өкілдері, ассоциациялар, сондай- қоғамдық ұйым мен саяси партия өкілдері қатысты.

    Иллюстративное фото из открытых источников

    Иллюстративное фото из открытых источников

    Форум барысында жоғары оқу орындарының білікті маман дайындауы, оқу ордасы түлектерді нарықтың шынайылығына толық бейімдеу барысындағы жаңа бағдарламалар мен өзге де сұрақтарды қарастырып, келешек жоспарларымен бөлісті.

    “Мұндай мәселелер мен жағдайларда ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер арасында аса жоғары байланыс қажет. Аталмыш форум қажеттіліктердің үдерісінен шығуды көздеп отыр. Бүгін С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ өзінің әріптестері мен серіктестері үшін кадрлар жасақтаудың инкубаторы. ҚазАТУ серіктестіктері ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін 1 жыл бойы оқытушылар мен докторанттардың өздерінің алаңында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік жасап отыр. Бұл келешекте жаңа бизнес көзінің ашылуына, жаңаша ғылыми жобалардың өмірге келуіне зор мүмкіндік” – дейді университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.

    Сонымен қатар, университетте бірқатар шағын тәжірибе орталықтары бар. Мысалы, Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы; Инженерлерді даярлау және қайта даярлау жөніндегі Қазақстан-Беларусь орталығы; ГАЖ технологиялары орталығы; Робототехника ғылыми-зерттеу орталығы; ет және сүт өнімдері және майлы дақылдарын өңдейтін тәжірибелік өндірістік цех. Бүгінгі форум барысында қатысушылар аталған орталықтарды аралап көрді. Бұл платформаларда студенттер, келешек мамандар өндірістік тәжірибеден өте отырып біліктіліктерін арттырады

    С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті отандық нақты секторлар үшін кадрларды даярлауға арналған стратегиялық әріптестік бағдарламасын әзірлеуі форумның өзектілігін көрсетті. Бүгінгі таңда білім ордасы 86 мамандық бойынша, оның ішінде 14 аграрлық бағыт бойынша бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларды дайындайды.

    Опубликовано 24.09.2018

    ЧИТАТЬ ЕЩЁ...

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Добавить комментарий

    Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    * Скопируйте этот код *

    * Вставьте этот код здесь *

    Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

    • Курсы валют

      Курсы валют в Республике Казахстан
    • Архивы

    • Опрос

      Если бы вы, как наёмный работник в сельском хозяйстве, могли работать более производительно, то что необходимо для этого сделать?

      Показать результаты

      Loading ... Loading ...
    • Центр агрокомпетенций НПП РК «Атамекен»

    • Комментарии

    • Калькулятор валют

      Калькулятор валют НБК

    • Погода

      Костанай
      4°
      9°
      Сб
      6°
      Вс
      3°
      Пн
      1°
      Вт
      3°
      Ср
     
  •   Копирование материалов допускается исключительно с письменного разрешения редакции и при условии ссылки (если это печатные издания), гиперссылки (для интернет-изданий) на agroinfo.kz  
     
    Agronationale Яндекс.Метрика
     
     
      Распространяется на территории Республики Казахстан Размещение рекламы 8 (7142) 39-15-12, 54-39-39  
    ArabicEnglishFrenchGermanItalianKazakhPortugueseRussianSpanishUkrainian