Еліміздің көкөністі тонналап импорттауына не себеп?

Қазір бізде агроөнеркәсіп кешені туралы ұлттық жоба әзірленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сурет: ашық дереккөздерден алынды

Алдағы бес жылда бұл мәселе бір жолға қойылуы тиіс. Себебі халықты сапалы азық-түлікпен қамту өзекті. Тіпті бұл – ұлттық қауіпсіздігіміз. Бәсекеге қабілетті өнім шығаратын жағдайға жеттік. Өңдеу өнәркәсібіне толықтай иек артатын уақыт болды. Ал бұл бағыттағы іс бас бармақпен бағалайтындай емес әзірге. Былтырғы 11 айда азық-түлік импортының көлемі 3 миллиард 600 миллион долларды құраған. Бұл 2019 жылға қарағанда 9 процентке көп. Әлеуметтік маңызға ие тауар құны 11 процентке өсті. Тіпті бүгінде аскөк сынды бақша дақылдарының 90 проценті Өзбекстаннан әкелінеді. Не істеу керек? Жалпы шеттен сонша азық тасуымыздың себебі неде?

Мақсат Халық: экономист:

– Мұның бірнеше себебі бар. Бұл Қазақстандағы көкөніс нарығының бірінші кезекте логистикалық тізбегінің осы шаруадан тұтынушыға дейін жеткізудің тиімді тетіктерінің дұрыс ұйымдастырылмауы. Екінші мәселе – қойма мәселесін шешу. Үшінші мәселе – жаңа технологиялардың инновациялық технологияларды жылыжайда пайдалану мәселесі ақсап тұрғанын атап өткім келеді. Сондықтан да алдағы уақытта осы саланы дамыту үшін осы саланың жасаған өнімін дүкен сөрелеріне жеткізудің тиімді логистикасын ұйымдастыруымыз керек. Шаруаларға осы мәселені шешіп беретін болса, онда көкөніс нарығында импортқа деген тәуелділіктен айырылып, импортты алмастыратын өзіміздің өнімдерді шығаруға болады деп есептеймін.

Сонымен қиярдың келісі Шымкентте осы күні шамамен 900 теңге. Ақтөбеде 1100 теңге. Петропавлда да шамамен осы баға. Ал Оралда сәл қымбаттау, бұл жақта қиярдың келісі 1300 теңге. Қостанайда 1400 теңгенің айналасында. Елордада да баға Қостанаймен бірдей.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы