Атырауда жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады

Атырауда жеміс-жидек пен көгөніс қымбаттап кетті. Тұрғындар қалтамыз көтермейді деп шағымдануда. Мәселен, бір келі алманың бағасы мың теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Базарда бағаны кім реттейді? Тағы не қымбат?

Иллюстративное фото: из открытых источников

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

– Атыраулықтардың көбі жеміс-жидекті осындай шағын базардан алады. Себебі жабық дүкенде баға бекітілген. Ал мұнда саудаласуға мүмкіндік бар. Апай, сәлеметсіз бе! Қара өрік қаншадан?

– Қара өрік 500 теңге. 400-ге беремін.

Аймаққа жеміс-жидек негізінен сырттан келеді. Түрлі-түсті қырыққабат, брокколи, саңырауқұлық сияқты көкөністің бәрі шетелден импортталады. Дүкен сөрелерінде өзімізде өсірілген өнімдер де бар. Мысалы, картоп, пияз, қызанақ, қияр жергілікті шаруалардың қолынан шыққан. Ал жемістің көбі Өзбекстаннан әкелінген.

Гүлмира Ұсманова, сатушы:

– Ресейден, Өзбекстаннан, Әзербайжаннан келеді. Голланский тауарлар болады, сол сияқты местный тауарлар болады. Халыққа мейлінше бәрін жеткізіп беруге әрекет етеміз.

Дәрумендерге бай өнімдерге қазір сұраныс жоғары. Тек бағасы қымбат.

БЛИЦ:

– Мынаны 250-ден алдым, бұл баға басында 300 болған. Баклажан, бұрыш күнделікті үйге тұтынатын тауар ғой алатынымыз.

– Алмалар қымбаттап кеткен. Бұрын алмаларды 400-500-ден алып жүрдік қой. Жазда күнде 100 теңгеден қосылды. 600, 700, 800-ге дейін барды. Қазір 550-ге қайтып түскен сияқты. Білмеймін қазір алып жүрген жоқпын.

– Помидорларда қымбат огурцы да, овощилардың бәрі қымбат қой қазір.

Ал базардағы бағаны тікелей бақылауда ұстайтын мамандар жыл басынан бері ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтты. Себебі бұл кәсіпкерлер үшін тиімсіз көрінеді.

Гүлмира Мендәлиева, «Атырау» ӘКК департамент директоры:

– Біз келісімшарт бойынша жұмыс істейміз. Сондықтан кәсіпкерлерге тауар құнын шекті бекітілген бағадан көтеру тиімсіз. Біз бағаны ай сайын тексеруге тырысамыз. Тексеріс кезінде сатушыларға айыппұл салынған жағдайдалар болған жоқ.

Аталған мәселе әлеуметтік маңызы бар тауарларға қатысты. Ал жеміс-жидектіктің шекті бағасы әлі бекітілмеген. Олардың құны күзгі жиын-терім аяқталғанда белгілі болады. Сондықтан сатушылар өнім бағасын өз бетінше реттейді.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы