«Электрондық рұқсатнама үшін тағзым етудің қажеті жоқ…»

Қазақстанның бас аграрлық порталы – Qoldau порталында AgroRuqsat электрондық рұқсатнамаларын беру қызметі қарқын алуда. 21 сәуірдің кешкі уақытына сервис арқылы 25 мыңнан астам азаматтың деректемелерін қамтитын 9 мыңға жуық электрондық рұқсатнама берілді – олар фермерлер, агроқұрылымдардың басшылары, қызметкерлер және “Жеткізіп берушілер” деп аталатын – сервистік компаниялардың өкілдері, а/ш қосалқы бөлшектер, техника, химия дилерлері және т. б. Бұдан бөлек, рұқсатнамалар 18 мың көлік құралына берілді. Бұл туралы «АгроИнфо» АА “Ақпараттық-есептеу орталығы” АҚ-ның баспасөз қызметіне сiлтемемен хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ егіс жұмыстарын жүргізу үшін фермерлердің карантиндік аймақтарды кедергісіз кесіп өтуі туралы тапсырмасы жұма күні 10 сәуірде айтылған болатын. 3 күннен кейін, оның екеуі-демалыс күндері, “Ақпараттық-есептеу орталығы” АҚ мамандары Павлодар облысын тестілеу режиміне қосты, 15 сәуірінде сервистің “жауынгерлік” қолданылуы басталды, ал келесі үш күнде жүйеге Қазақстанның барлық өңірлері қосылды. Қазіргі таңда сервиске тек Шымкент қаласы ғана қосылмаған, себебі басшылары сервиске тек бүгін ғана жүгінген.

Осы деңгейдегі және республика ауқымындағы ақпараттық сервисті өрістету үшін бұл өте қысқа мерзім. AgroRuqsat электрондық рұқсатнамаларды беру сервисі жер кадастрынан бастап бірнеше мемлекеттік деректер қорының (ДҚ), “жылжымайтын мүлік Тіркелімі” ДҚ, бұрын цифрланған танаптар мен жайылымдар базасының, “Е-лицензиялау” ДҚ, ҚР ІІМ “Автомобиль” көлік құралдарының ДҚ, ҚР АШМ ауыл шаруашылығы техникасының деректер қорының және “Сергек”жүйесінің деректерін пайдаланады. Жүйе барлық деректердің сәйкестігін тексергеннен кейін түпкілікті шешімді ауыл шаруашылығы басқармасының маманы қабылдайды, ол өтінімнің толық мәтінін көреді (ашық тізілімде жеке мәліметтер, оларды қорғау мақсатында көрсетілмейді – авт.), бұдан кейін өтінімді растайды не қабылдамайды.

Сервис рұқсатнаманы беруге бірнеше минут ішінде мүмкіндік береді және бұл жерде мерзімдер ауыл шаруашылығы басқармалары жұмысының тиімділігіне байланысты. Іс жүзінде рұқсатнамалар бірнеше минут ішінде де, бір тәуліктен астам уақыт бұрын да беріледі, бірақ мұндай мысалдар аз.

– Рұқсатнаманы алу үшін қажетті барлық деректер – осы кездің өзінде мемлекеттік деректер қорында бар. Бір жерге бума қағаздарды алып бару, оларды сканерлеу, жүгіріп жүріп мөрлердің басылуын жинау немесе біреулерге тағзым етуге барудың қажеті жоқ. Расымен, деректердің көрсетілімінде шешілмеген түйіндер бар, мысалы, көліктің мемлекеттік нөмір деректемелерде кириллицаны қолдану арқылы, ал өтінімде – латын әріптерімен енгізілген. Ашып айтқанда, тұлғалар үшін “А” белгісі кириллицада және латын әріптерінде бірдей көрінеді, ал электрондық жүйе үшін – бұл мүлдем басқа белгілер. Деректердің бір-біріне сәйкес келмейінше – жүйе техниканы таба алмайды, көре алмайды. Осындай деңгейдегі техникалық ақаулықтар орын алуда. Олар жедел түрде шешіліп отырады, – дейді “Ақпараттық-есептеу орталығы” АҚ бас маманы Гүлмира ОҢАЙБЕК.

Спикердің айтуынша, сервистің жаңалығына қарамастан, рұқсатнамаға өтінім беру алгоритмінің өзі интуитивті түсінікті және аграрияларға бұрыннан үйреншікті, себебі, бұл Qoldau порталы арқылы басқа өтінім беру механизмдеріне қатты ұқсас.

– Сервис барынша ашық және АӨК-мен байланысы жоқ тұлғаларға рұқсатнаманы жазып беруге мүмкіндік бермейді. Осы жақында ғана Шығыс Қазақстан облысында Өскемен мен Семей үшін 11 мыңға жуық жалған рұқсатнама анықталды- ол жерлерде тұрғындар азық – түлікке немесе дәріханаға шығуға мүмкіндік алу үшін осындай рұқсатнамаларды алған. Ауыл шаруашылығында да осыған ұқсас,: бұғаттау – бекетіндегі полиция қызметкері әдеттегі анықтамадағы мәліметтердің қаншалықты шынайылығын тексере алмайды, себебі ШҚ мүлдем басқа ауданнан болуы мүмкін немесе анықтама туысына немесе досына берілуі мүмкін. Немесе, ШҚ куәлігі бір дана, ал тұлғалар саны бірнеше – әрбірәне бұндай құжат берілмейтін болса, онда не істеу керек. Яғни, егер әрбір фермер анықтамаларды оңға-солға жазып беретін болса, онда барлық осы карантиндік шаралардың мәні жойылады. AgroRuqsat-қа байланысты жағдайында барлық параметрлерді өтінімді мақұлдау сатысында тексереді, сондықтан полиция бекеттерде мұндай рұқсаттаманың бар-жоғына және оның өзектілігіне көз жеткізуі ғана қалады. Сонымен қатар, егер формальды түрде қарайтын болсақ, онда шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы заңды куәлік құжат ретінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған болатын, бұдан бөлек фермерлер 2018 жылдың мамырынан бастап мөрді пайдалану міндетінен босатылды, сондықтанда, қоғамда, салада бүгінгі күні осы мәселе бойынша көптеген пікірталастар жүріп жатыр. Шын мәнінде жақсы кеңестер мен ұсыныстар арасында көптеген және ашық популистік өтініштер де бар. Бұл мүлдем қалыпты жағдай, – деп санайды Гүлмира ОҢАЙБЕК.

Спикердің айтуынша, электрондық жүйе-бұл тек қана жеделдік емес, бұл ашықтықты да білдіреді. Барлық электрондық рұқсатнамаларды санаулы минуттар ішінде қайта тектсеруге, жоюға, тоқтата тұруға болады. Ал, егер орын алатын бұзушылықтар болатын болса, онда олардың анықталуы оңай болады. Сонымен қатар, сервис серверлік қуаттарға жүктеменің елеулі ұлғайтылуын көздемейді, себебі механизм қандай да бір көлемді деректерді (сканерленген құжаттарды, космосуреттерді және т.б.) жүктеуді көздемейді. Бұл тек қана бар дерекқорлар арасындағы байланыстырушы буын болып ғана қызмет етеді. Шымкент қосылғаннан кейін сервис толығымен барлық өңірлерде қосылады. Айта кету керек, бір облыста берілген рұқсатнамалардың республикалық маңызы бар қалалардың аумағында күші жоқ – олар үшін жеке өтінім беру қажет. Яғни, Ақмола облысының ішінде орын ауыстыру арқылы Көкшетауға баруға болады, бірақ Нұр-Сұлтан қаласына кіру немесе одан шығу үшін басқа рұқсатнама қажет. Бұл елордаға, сондай-ақ Алматы қаласы мен Шымкент қаласына да қатысты. AgroRuqsat сервисі пайдаланушылар үшін тегін.

Анықтама: Агроөнеркәсіп кешенінде соңғы 4 жыл ішінде Qoldau.kz цифралық платформасы толығымен жүзеге асырылып жұмыс істейді, бұл жерде 180 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, астық, ЖЖМ айналымы процестері орындалуда, 400 мыңнан астам электрондық өтініштер бойынша 0,5 трлн. теңгеден астам субсидия берілді және АӨК субъектілері мен объектілері туралы ең толық деректер базасы (жер, авто және А/ш машиналары, мал, спутниктік суреттер, индекстер және т.б.) қалыптастырылды. Осылайша, Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа және фермер қожалықтарының 90% – дан астамы Qoldau.kz-те тіркелген.

“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 5 тамызындағы “Тіркеушіні айқындау туралы” № 452 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еншілес ұйымы – “Ақпараттық – есептеу орталығы ” АҚ Qoldau.kz цифралық платформасының операторы болып табылады.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы