Ауыл шаруашылығын қолдау шараларын ұлғайту қажет – министрлік

Қазақстан алдағы уақытта агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік қолдау шараларын күшейтіп, нарықтағы көлеңкелі фальсификаторларды ысыруы тиіс. Отандық өнімді қолдау шараларына қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай қағидат ұстанып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иллюстративное фото: из открытых источников

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапарованың айтуынша, 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығының 776 инвестициялық жобадан тұратын инвестициялық портфелі 611 млрд теңгені құрап отыр.

«2019 жылдың басты жұмыс қорытындысы ретінде 172 мың бас ірі қараны сатып алынып, 10 сүт өнімдері фермасының ашылғанын атап өтуге болады. Сонымен бірге, былтыр жылына 36 мың тонна тауық етін өндіретін құс шаруашылығы саласында екі жоба іске асты. 11 ірі жылыжай салынып, 98,5 млрд теңгеге 5893 дана техника берілді», – деді ол Парламен Сенатында өтіп жатқан дөңгелек үстелде.

Вице-министр әйтсе де қазір Еуразиялық экономикалық одақтағы елдердегі серіктестерімізден қарағанда Қазақстанда мемлекеттік қолдау деңгейі төмен екенін айтады. Мәселен, Беларусь Жалпы ішкі өнімнің 8,1 пайызын, Ресей 6,3 пайызын ауыл шаруашылығын қолдауға жұмсайды. Ал бізде Қазақстанда бұл көрсеткіш 5 пайызды ғана құрайды.

«Көрші елдермен салыстыра отырып, келтірілген мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан АӨК саласын қолдау жағынан олардан қалып бара жатыр. Осы себепті, ресейлік және өзбекстандық ауыл шаруашылығы өнімдері біздікінен қарағанда бәсекеге қабілетті. Осыған байланысты Қазақстан бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын күшейтіп, көрші елдердің тәжірибесіне сүйеніп, қолдау механизмдерінің тізімін ұзартуы керек. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шараларын ұлғайта отырып, Қазақстанда өндірілген өнімді өткізу ісіне мықтап кірісу керек. Ол үшін нарықтағы импорттық фальсификаторларды ысырған абзал. Әйтпесе, біздің ісіміздің бәрі нәтижесіз аяқталуы мүмкін», – деді ол.

Поделиться материалом

Читать ещё

  • Опрос

    Каковы перспективы у запрета на импорт пшеницы в РК?

    Показать результаты

    Загрузка ... Загрузка ...
  • Архивы